Шашты жылтырату жолдары

Шашты жылтырату жолдары

Шаштың саулығы мен сымбаттылығын шаш түсінің қанықтығы мен жылтыры көрсетеді. Шашыңызға көрсететін күтім қатарына оны жылтырату шараларын қоссаңыз, шашыңыз бірден түрленіп, жаңарып, күтілген көрінеді.

Біріншіден шаштың жылтыры неге байланысты екендігі жайлы ойланайық. Шаштың жылтыры оның құрамы бұзылғанда, ұштанғанда, сыртқы қорғаныс қабаты жоқ болғанда кеми түседі. Біз сіздер үшін арнайы шашты жылтыратуға бағытталған қолжетімді дауаларды жинақтадық.

Шашты жылтыратып көрсету үшін жылтырататын сусабындар мен бальзам қолданған жеткіліксіз. Стилисттер қарапайым алма сірке суын қолдануға кеңес береді. Оның қышқылдығы шаштың кішкене қабыршақтарын жауып, бітейді. Нәтижесінде шашыңыз тегіс, жылтыр көрінеді. Алма сірке суының ерітіндісін арнайы шашыратқыш бөтелкеге құйып, шомылу кезінде шашыңызға шашыңыз.

Сумен соңына дейін шайылмайтын қою кондиционер не бальзам қолданыңыз. Шаш жуу кезінде соңына дейін шайылмай, шашта қалып қоятын шашқа арналған бальзам не кондиционер шашыңызға бірнеше күнге жылтыр береді. Соя мен бидай негізінде жасалынған құрал таңдаған жөн, олар шашқа жұмсақ күтім көрсетіп, одан әрі жылтырата түседі.

Шаштың жылтырын келтіруде дұрыс таңдалған тарақтың да маңызы зор. Әрине тарағыңыздың түгі табиғи болған дұрыс. Сонымен қатар нейлонды тарақтар да шашты жұмсақ тарап, жылтыратады.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: hennablogspot.com

С. А