Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Шаштың түсуін тоқтату

Шаштың түсуін тоқтату

Шаштың түсуін тоқтату

Күзде ағзамыз жаңа маусымға үйреніп, бүкіл мүшелердің жұмысы ауысады. Осы кезеңде көпшілікті алаңдатын мәселелер арасында шаштың шамадан көп түсуі бар.

Ұзын, жылтыр, қалың шаш – әр арудың арманы. Шаштың саулығы мен сымбаттылығын сақтап қалу бір мәселе, ал оның шамадан артық түсуін тоқтату үшін қандай күтім көрсету керек?

Күзде ағзамыздағы барлық процестер баяулап, эстроген горомоны "ұйқыға батады", нәтижесінде шаштың өсуі бәсеңдейді. Бұл тек шаштың өсуін баяулатып қоймай, оның шамадан тыс түсуінің де себебі бола алады. Бұған қалай төтеп беруге болады? 

Жалпы күнделікті 50-100 тал шаштың түсуі қалыпты жағдай. Алайда шашыңыз бұдан артық түскенін байқасаңыз, мәселені шешімсіз қалдыруға болмайды. Мұның себебі стресстер, зат алмасудың бұзылуы, гормондар дисбалансы, ағзадағы улы заттардың болуы, микроэлементтердің тапшылығы не керісінше шамадан артық болуы, жаман экология, шаштың химиялық құрамының бұзылуы, радиация, дәрілік заттардың әсері, тіпті ас қорыту жүйесінде қиындықтар бола алады. Сонымен қатар, алопеция немесе шаштың қатты түсуі генетикаға байланысты болуы мүмкін. 

Күзде осы себептерге дәрумендер тапшылығы мен ағзадағы процестердің баяулануы қосылып, шаштың тым көп түсуіне әкеле алады. Бұл мәселеге тап болғандар осы кезеңде шашын бояудан, ыстық фенмен кептіруден аулақ болуы керек.

Шашты жиірек тараудың арқасында бас терісіндегі қан айналымын жақсарта аласыз. Сонымен қатар, шаш тарау майдың шаш бойымен біркелкі таралуына көмектеседі. Массаж щеткаларын қолданып, шашты ақырын, байыппен тараңыз. Қысқа шашты тамырынан бастап тарасаңыз, ұзын шаштың ұштарын, одан кейін бас жағын тараған дұрыс.

Ұзын, зақымданған шашты дымқыл кезінде мүлдем тарамаңыз. Шашты жылы, тым ыстық емес сумен жуыңыз. Табиғатынан шашы құрғақ қыздар шаш кептіргенде фен емес, ыстық орамал қолданғаны дұрыс. Шашты бигудимен бұйралағанда, байлағанда, түйгенде, өргенде оның қатты тартылмауын қадағалаңыз. Маусымға байланысты бас киім, орамал киіп жүруді күнделікті әдетке айналдырсаңыз, шашыңызға үлкен көмек бересіз.

Шашы көп түсетіндерге мамандар арнайы инъекциялар, мезотерапия, электротрихогенез, лазер қолданатын дауаларды жасатуға кеңес береді. Лазер басы тақырланып бара жатқандарға да, профилактика ретінде де жасалады. Осындай салондық дауалар бастың майлануын реттеп, шаштың жалпы жағдайын жақсарта алады.

Жігіттер үшін де бұл мәселе өткір болады. Әдетте шашына аса күтім көрсетпейтін жігіттер қыздар сынды шаштың ұштануы мен жылтырына шағымданбаса да, шаш түсу мен тақыр болу олардың ең үлкен қорқыныштарының бірі. Анотомиялық тұрғыдан қарағанда жігіттердің шашы қалыңырақ келеді. Тестостеронның көп болуы жігіттер бас терісінің қатты майлануының себебі және осы гормонның көп болуы шаштың түсуінің себебі де бола алады.

Мәселеге бір жақты қарамай, шешімді жан-жақты қабылдау керек. Бұл жерде тамақтану рационы мен өмір тәртібі, шашқа көрсетілетін күтім мен зиянды әдеттер де әсер етеді. Әсіресе күзде бұл қиындықты байқайтын жігіттер темекі мен ішімдікті қойып, тамақтануына көңіл бөлген дұрыс. Бас массажы мен шашқа көрсетілген күтім сұрақтың шешімі бола алады.

Тақырып бойынша:

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: lucina.ru

59840 2
Рейтинг: +2

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 10 қазан 2013, 20:15
Пікірлер
+0
11 қазан 2013, 09:39

Жігіттердің шашының түсуіне не істеу керек? :?

+0
11 қазан 2013, 10:03

Бұл "запрос"-ты сұрап қойған) Бірінші жалпы ақпарат беру дұрыс деп көрдім, ендігі кезекте жігіттер мен қыздар шашының түсуін бөлек, толығырақ жазамын.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...