Бұйра шаш қайта сәнде

Бұйра шаш қайта сәнде

Бұйра шашты арулар нәзік әрі әдемі көрінеді. Сол себепті шаш сәніндегі бұл тренд маусымнан маусымға өтіп, күзде де ерекше танымалдылыққа ие болады.

Осы маусымда бұйра шашты сәндердің барлық түрі нағыз трендке айналмақ. Шашыңыз табиғаттан бұйра болса сәтіңіз түсті, ал түзу шаштыларға шаш бұйраған да еш қиын болмайды. Ол үшін біздің кеңестерімізді есте сақтап жүріңіздер.

Қалың бұйра шаш

  1. Стайлингқа арналған крем не мусты шаш бойына жағыңыз. Бұл шаш пішіннің сақталуына көмектеседі жіне шашты үлкен температуралардан қорғайды.
  2. 2-3 сантиметр шашты бөліп алып, оған шашқа арналған лак шашып, плойкаға ораңыз. Шашты түбінен бастап ораған жөн. Шаш сәні жасанды емес көрінсін десеңіз, оны азырақ уақыт плойкамен қыздырыңыз. Ал ұзаққа сақталатын шаш сәні үшн шашты ұзағырақ қыздырған жөн.
  3. Ең соңында шашыңызды сирек тісті тарақпен немесе саусақтарыңызбен тарап жіберіңіз. Осылайша шашқа жақсы көлем бересіз.

Жұмсақ толқындар

  1. Бұл шаш сәнін ұйқыға барардың алдында жасайды. Шашыңызды жуғаннан кейін оларды фенмен кішкене кептіріп алыңыз. Басыңызға жұмсақ мата жиек киіп алыңыз.
  2. Шашты орай отырып, жиектің астына ұшын салып бекітіңіз. Ослайша ұйқыға барыңыз.
  3. Таңмен шашты жібергеннде шашыңыз жұмсақ толқынды болады. Шашқа лак шашып, шаш сәнін бекіткен дұырс.

Үлкен бұйра шаш


  1. Әдемі оралған бұйра шаш жасау үшін, шаш орағанда плойканы көлденең емес, тігінен ұстау керек. Шашыңыз ұзын болған сайын плойкаға кемірек шаш ораңыз.
  2. Әр шаш бұрымын соңынан бастап жоғары жаққа өсу бағытына қарама–қарсы қарай ораңыз. Шашыңыз қалың көрінсін десеңіз, оларды түбіне дейін ораған жөн. Айтпақшы бұндай бұйра шашты бигуди көмегімен де жасауға болады.
  3. Шашты толықтай тарамаңыз, тек керек жерлерін түзеп, лакпен бекітіңіз. 

Гофре

  1. Шашты жуғаннан кейін жақсылап кептіріп алыңыз. Шашыңызға көлем қажет болса, көлем беретін мусс жайлы ұмытпаңыз. Ал ұштары шығып кете беретін шашқа арнайы сарсу жағыңыз, бұл шашыңызды біркелкі жылтыр етеді.
  2. Кішкентай шаш бұрымдарын арнайы гофре плойкасымен басыңыз.
  3. Соңынан шашыңызды табиғи түкті тарақпен тарап шығыңыз. Бұл шашты жұмсартады.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: asiams.net

С. А