Қасық массажы

Қасық массажы

Массажды қасықпен жасау бүгін пайда болған жоқ. Ерте кезде патшалар алтын не күміс қасықтарды пайдаланып массаж жасаған.

Массажды күміс қасықпен жасау көптеген сән салондарында бар. Бірақ бұл қалтаға салмақ түсіретіндіктен, біз массаж үшін қарапайым қасықты таңдаймыз.

Қасықтан басқа бізге ыстық және суық су құйылған құты керек. Қасық массажының басты әдісі — лимфоток бағытымен қозғалу. 

Массаж үшін екі-төрт (қасық саны істелетін жаттығу санына байланысты) ас қасығы және жаттығулар керек.  

Қасықты пайдаланып, бетімізге массаж жасайық. Алдымен бетті жақсылап жуып, сосын крем жағамыз. Қасықтың біреуін ыстық суға саламыз да, оны сулықпен құрғатамыз. Қасықтың екіншісін суық суға саламыз. 

Бірінші жаттығу. Ыстық қасықты екі қастың ортасына орналастырып, алты рет нығыздап басамыз. Сосын қасықты маңдай жаққа қарай көтереміз. Ыстық қасықты ыстық суға салып, суық судағы қасықты аламыз да, тура осы жаттығуды тағы бір рет қайталаймыз. 

Екінші жаттығу. Төрт қасықты ыстық суға салып алып, екі ұртымызды үрлеп тұрып, он рет мұрын мен еріннің айналасын ұрғылаймыз. Жаттығуды бірнеше рет қайталау керек.

Үшінші жаттығу. Ыстық суға малынған қасыққа май жағып, қасықты иек пен тұтас мойынның ортасына қойып, ақырын қозғалыспен айналдырамыз. Жаттығуды бірнеше минут жасау керек. 

Қасық массажы кәдуілгі массажға қарағанда, анағұрлым нәтижелі. Бұл массажды дененің барлық бөлігіне жасауға болады. 

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: liveinternet.ru

М. Оңғарова