Оқи отырыңыз

Жақсылық көрсем – өзімнен,
Жамандық көрсем – өзімнен.

Автор: Сұлтанмахмұт Торайғыров

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Қыз балаларға пайдалы спорт

Қыз балаларға пайдалы спорт

Қыз балаларға пайдалы спорт

Спорт – өмірдің қажетті бөлшегі. Ол деніңіздің сау әрі сымбатты болуын қамтамасыз етіп, жақсы көңіл-күй мен сергектік сыйлайды. Физилогиялық ерекшеліктерін ескере отырып, ғалымдар мына спорт түрлері қыз балаларға пайдалы деп тапты. Мысалы:

1. Пилатес


Пилатес – барлық бұлшық еттерді жаттықтыратын арнайы кешен. Пилатесте адам жаны мен тәнінің үндесуі негізге алынады. Әсіресе жаттығуларды жасап жатқан кезде ойды жинақтап, дұрыс дем алу маңызды. Егер пилатеспен тұрақты түрде айналысып тұратын болсаңыз, арқа, қол, аяқ бұлшық еттеріңіз қатайып, артық салмақтан арыласыз. Мұнымен алғаш рет айналысып тұрғандар үшін аптасына 3-4 рет 40 минуттан айналысса жеткілікті. Мұнымен қатар, күйзелістен арылудың бірден-бір жолы екені анықталды.

2. Велоспорт


Осы күндері ерекше әрі қолжетімді спорттардың бірі – велоспорт. Велосипед айдағанда көпшілік ойлайтындай тек аяқ бұлшық еттері ғана жаттықпайды, мұнымен қоса бүкіл денеміз де шынығады. Қыз балаларға аптасына 1 сағаттан 3 күн жаттықса жеткілікті. Егер артық міні жоқ қыпша белді аруға айналғыңыз келсе, ұзақ ара-қашықтықта жүріп үйреніңіз. Бұл үшін "үзеңгінің" педалін қатты басудың қажеті жоқ, ең бастысы өзіңізге лайық ырғақта айдап, бірқалыпты тыныс алсаңыз болғаны.

3. Шаңғы


Сымбатыңызға тау шаңғысы мен сноуборд қалай тиімді әсер етсе, жеңіл жүріске арналған шаңғы да солай әсерін тигізеді. Бұл спорт түрі де өз кезегінде терең тыныс алуды жақсартып, бұлшық еттерді қатайтады және денеңізді тік ұстауға үйретеді. Бұдан өзге жүрек пен қан тамырлары үшін таптырмас жаттығу.

4. Би


Би басқалары секілді бұлшық еттерді қатайтады, сымбатыңыздың мінсіздігін қамтамасыз етеді, икемділігіңізді арттырады. Егер бимен тұрақты түрде айналысып жүрген болсаңыз артық салмақ пен босаңсыған бұлшық еттер жайында еш уайымдамай-ақ қойсаңыз болады.

Осы күндері ғалымдарымыз музыканың көңіл-күйді көтеріп, өмірге жарқындылық сыйлайтындығын айтып жүр. Ал бұлшық еттерін жылдам қатайтқысы келетіндер үшін аэробика әбден лайық.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: zdorovosport.ru

5331 1
Рейтинг: +1

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 25 шілде 2013, 12:27
Пікірлер
+0
26 шілде 2013, 10:06

Бимен кез-келген қыз билейтін шығар, бірақ профессионалды аз айналысады

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...