- Негізгі бет
- Сымбат
- Парик (Жасанды шаш)...
Парик (Жасанды шаш)
Парик (жасанды шаш) бұл күні кейбір қыздардың пайдаланатын бұйымы. Жасанды шаш киіп алсаңыз, бет-бейнеңіз бірден өзгеріп шыға келеді. Өйткені, адамның ажары көбіне шаш сәніне байланысты.
Парик қалай пайда болды?
Жалпы, қай-қай нәрсені алмасақ та, оның пайда болу тарихы туралы бас қатырып жатпаймыз. Әлбетте, бас қатырған дұрыс. Өйткені, оның тарихы көп нәрседен хабар береді. Жасанды шаш ерте заманда Ежелгі Египетте пайда болған екен. Ең әдемі парик перғауын отбасында болған деседі. Уақыт ағысымен жасанды шаш та өзгеріп, бүгінгі күнге дейін жетіп отыр.
Жасанды шаш неден жасалады?
Жасанды шаш ертеректе балдыр, кукуруз, зығырдан жасалды. Бүгінгі таңда кәдімгі шаш пен жоғары сапалы материалдардан істеледі.
Табиғи париктің артықшылығы оның түгелдей дерлік қолдан жасалуында. Бұндай париктерді бұйралауға, бояуға, көтеруге болады.
Ал қолдан жасалған париктердің артықшылығы - оның жеңілдігінде. Табиғи парик кәдімгі шаштан жасалатын болғандықтан, біршама ауыр, ал жасанды парик түрлі материалдан істеледі, сондықтан, киюге жеңіл. Оның тағы бір ерекшелігі қалай сатып алсаңыз, сол күйінде тұра береді. Жасанды париктердің бағасы да анағұрлым арзан.
Парикті күту
Парикті кірлеген уақытта жылы суға сусабын қосып жуу керек. Фенмен кептіруге болмайды.
Парикті қалай таңдау керек?
Ең алдымен париктің түсін таңдап алыңыз. Ашық түсті парикті үйлессе ғана алыңыз. "Артық қылам деп тыртық қылудан" сақтаныңыз. Парик таңдағанда құрбыңызбен не сатушымен кеңесіңіз. Егер күнде киіп жүретін болсаңыз, көзді жұмып, бірден табиғи парикті алғаныңыз жөн. Ал қолдан істелген парикті көп дегенде 4-6 сағаттай ғана киіңіз.
Парикті ұқыпты түрде қолдана алсаңыз, ұзақ уақыт бойы шашыңыздың рөлін жақсы атқаратынына күмәніңіз болмасын.
сурет: wigmake.ru, kosa-bg.com
М. Оңғарова