Шаш сәні: түйілген шаш

Шаш сәні: түйілген шаш

Түйілген шаш әр кезде де әдемі көрінген. Ал қазір сәндегі көлемді қосса, шаш түю көрікті, сонымен қатар тек кеңселік шаш жинау үлгісі болып қалмайды. Назарларыңызға осы сипаттарды өзіне біріктірген шаш сәнін ұсынамыз.  

1. Шашыңызды жуып, орамалмен кептіріп, көлем беретін мусс жағыңыз.

 

 

 

 

2. Шашыңызды фен көмегімен кептіріңіз. Ауа ағынын шаш түбінен ұштарына қарай бағыттаңыз, бұлай шашыңызды одан да көлемдірек қыласыз.

 

 

 

3.  Шаш бұйралайтын қысқыш көмегімен шашыңызды үлкен бұрымдарға бұйралаңыз.

 

 

 

 

4. Бұйраланған шаш табиғи көрінуі үшін, оларға фенмен суық желді бағыттаңыз. 

 

 

 

 

5. Бастың төбесінен шашты мол қылып бөліп алып, қыстырып қойыңыз. Қалған шашты  резеңкемен буыңыз. 

 

 

 

 

6. Буылған шашты бірнешеге бөліп, оларды ширатып бұраңыз. 

 

 

 

7. Бұрамаларды резеңкеге орап, шаш түйреуіштермен (шпилька) бекітіңіз.

Мынандай әдемі түйілген шаш болуы керек. 

 

 

 

8. Төбедегі шашты бір жаққа қарай жатқызыңыз. Оны да әдемілеп орап, бұрманың соңын шаш қыстырғыштары мен түйреуіштер көмегімен тығып қойыңыз. 

 

 

 

 

 

Шаш сәні дайын!

 

 

 

Суреттер cosmo.com.ua.





ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

RaiM – 4 DONGELEK