Дағдарыс кезінде ерін далабы бестселлерге айналады. Дүниеде көліктен де қымбат тұратын ерін далабы бар. Бұл деректерді біліп пе едіңіз? Ендеше мақаладан ерін далабы туралы осы іспетті қызықты фактілерді біле отырыңыз.
№1 факт: Әлемдегі ең бағалы ерін далабы көліктен де қымбат тұрады
Біз күнде қара уылдырық қосылып алтын фольгамен оралған бургер немесе платина коктейль түтігі деген сияқты ойға сыйғысыз нәрселер туралы жиі естиміз.
Ал біз айтқалы отырған әңгіме 2007 жылы шыққан және құны 62 000 доллар тұратын Guerlain KissKiss Gold and Diamonds туралы болып отыр. Құрамы қарапайым KissKiss ерін далабының шектеулі шығарылымы тек бағалы «орауышпен» ерекшеленді. Себебі ол гаухартаспен көмкерілген.
№2 факт: Ерін далабы адамның рухын көтереді
Ал мұны біз емес, Ұлыбритания премьер-министрі Уинстон Черчилль ойлап тапты. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ол Ұлыбританияда ерін далабы өндіруге тапсырыс берген, өйткені ол «халықтың рухын көтереді» деп есептеген. Осы аралықта аталған елде басқа косметика өндірісі толық тоқтатылды.
№3 факт: «Ерін далабы әсері» аталатын экономика термин бар
Оның мәні [елдің немесе аймақтың] экономикасы құлдыраған кезде ерін далабы сатылымы әрқашан өсетініне байланысты. Осылайша, АҚШ-тағы 1999-2000 жылдардағы рецессия кезінде ғалымдар ерін косметикасының сатылымының 4% өскенін байқаған, ал киім, зергерлік бұйымдар мен жиһаздар сатылымы құлдыраған. Экономистер «ерін далабы әсерін» үлкен дүние сатып алуға ақша болмаған кезде және экономика тұрақсыз болуына байланысты адам өзін қуанты үшін жағымды ұсақ-түйек алатынымен түсіндіреді.
№4 факт: Ерін далабы сізді ақылды етіп көрсетеді
Гарвард университетінің ғалымдары Procter & Gamble компаниясымен бірлесіп жүргізген зерттеу көзге макияж жасап, ерін далабын пайдаланатын қызметкерлерді әріптестері неғұрлым сауатты және білікті деп бағалайтынын дәлелдеді.
№5 факт: Ерін далабы фильмдердің арқасында танымал болды
Қазір ерін далабы ең танымал сұлулық өнімдерінің бірі саналады: статистикаға сәйкес, оны әлемдегі әйелдердің 81% пайдаланады. Мысалы, тоналды кремдер мен ұнтақтарды 64%-ы, ал шамамен 54% румяна пайдаланады. Ерін далабың танымалдылығы өткен ғасырдың 20-шы жылдарындағы ақ-қара дыбыссыз фильмдерге байланысты артты. Ерін далабы сатылымындағы бум алғашқы кино жұлдыздарының пайда болуымен сәйкес келді.
№6 факт Элизавета I ерін қарындашын ойлап тапты
Англия патшайымы Елизавета I бояу, балауыз және майды араластырып, қоспаны қалам секілді орау арқылы ерін қарындашын ойлап тапқан. Ағылшын монархы да макияждың емдік күшіне сеніп, өзін нашар сезінген сайын ернін бояйтын. Тарихшылардың айтуынша, ол төсек тартып жатқанда ерніне далап жағыпты.
№7 факт: Қызыл ерін далабы шынымен көзге түседі
Манчестер университетінің зерттеуіне сәйкес, ер адамдар қызыл далап жаққан әйелдерге өте ұзақ қарайды екен. Орташа алғанда ерлер назары 7,3 секундауған. Қызғылт ерін далабы бар қыздарға шамамен 6,7 секунд қараса, ал ерні боялмаған қыздарға 2,2 секунд қарап тұрған.