Энергетикалық сусындарды күнделікті ішіп тұратын жандар көп-ақ. Мұндай сусынның денсаулыққа зиянынан бұрын, сергітетіні жайлы сенім басым. Сергітетін қасиеті болғанмен, деннің саулығына келтіретін зияны да аз емес.
Энергетикалық сусындар дәрумен кешені мен глюкозадан тұрады. Дәрумендердің пайдасы бәріне мәлім. Глюкоза болса қанға тез сіңіп, қышқылдандыратын процестерге қатысады және бұлшық ет, ми және басқа да маңызды мүшелерді күш-қуатпен қамтамасыз етеді.