- Негізгі бет
- Бойжеткен
- Достықты сақтап қалу...
Достықты сақтап қалу үшін керек дағдылар
Достық та қыз бен жігіт арасындағы қарым-қатынас секілді күшті, уақытты және назарды керек етеді. Кейде бір кездері етене араласқан адамдармен байланысты жоғалтып аламыз. Достықты жоғалтып алмау үшін адамға қандай дағдылар керек, бүгін бірге талқылайтын боламыз.
1. Егер өміріңіздегі қиындықтармен бөлісіп, шағымдануды жақсы көрсеңіз,онда жақсы нәрселерді де айтуды ұмытпаңыз. Досыңыз тыңдауды біледі деп онымен тек жағымсыз ойларыңызды ғана бөлісуге болмайды. Жақсы жаңалықтар арқылы қуантып қойыңыз.
2. Досыңыз ұсынған нәрсені қарауға, зерттеуге уақыт табыңыз. Тіпті ол нәрсе сіздің талғамыңызға сай келмесе де, оның ұсынысын жерде қалдырмағаныңыз абзал. Мүмкін, сіз бен оны байланыстыратын тағы бір қызықты нәрсе тауып алатын шығарсыз.
3. Досыңыз өз басындағы қиын сәттермен бөліскен кезде, өзіңіздің тәжірибеңіздегі ұқсас оқиғамен бірден бөліспеңіз. Алдымен тыңдаңыз. Егер сіздің оқиғаңыз оған көмегі тиеді деп ойласаңыз ған бөліскеніңіз абзал. Бірақ әңгіме сіз туралы емес, ол туралы екенін ұмытпаңыз.
4. Көзқарастар мен қызығушылықтар өзгерген кезде де оны қолдауды тоқтатпаңыз. Оны келеке қылып немесе ісін сатқындыққа балауға болмайды. Өмір бойына адам сан өзгереді. Соны жадыңызда ұстаңыз.
5. Арада келеңсіздік туындап, ренжітіп алсаңыз мойындап, кешірім сұрағаныңыз жөн. Бірақ, қылығыңызды ақтау мақсатында мақсатыңызды түсіндіруге болмайды. Одан да жағдайды түзетіп, қателерді қайталамауға тырысыңыз.
6. Кешігетін болсаңыз, ескертіңіз. Жай ғана қысқаша кешірім сұрап, қанша уақыттан кейін болатыныңызды жазсаңыз жеткілікті. Осылайша сіз оған деген сыйластығыңызды білдіресіз.
7. Досыңыз қаліңізді сұраса, сіз де кері сұрауды ұмытпаңыз. Әдетте адамдар бір нәрсемен бөліскісі келіп, бірақ әңгімені қалай бастарын білмеген жағдайда қарапайым сұрақтардан бастайды.
8. Егер досыңыз өз шығармашылығымен бөліссе, "Жақсы екен" деп қана қоймай, сізге нақты қай тұсы ұнағанын айтыңыз.
9. Бір жаққа шақырарда "Қаласаң кел" дегеннің орнына "Келсең, қуанышты болар едім" деп айтқаныңыз жөн. Айырмашылық байқалмағанымен, кейінгі сөз арқылы оны бағалайтыныңызды көрсетесіз.
10. Өз жұбыңызды тапқанның өзінде достарыңызға уақыт бөлуді естен шығармаңыз. Әрине, сүйіктіңіздің қасында көбірек уақыт өткізгіңіз келетіні анық. Бірақ достарыңыз да сізбен байланысты жоғалтпауы тиіс.
Т. Есқали