Азияның ең әдемі аруы анықталды

Азия құрлығының ең әдемі аруы анықталды. Бұл атаққа оңтүстіккореялық Лалиса Манобан лайық деп танылды. Шығыс сұлуларының рейтингін TCCAsia ойын-сауық порталы жариялаған.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от LISA (@lalalalisa_m)13 Ноя 2019 в 1:12 PST

Лалиса Манобан Blackpink атты музыкалық топтың мүшесі. Ол ән айтудан бөлек бимен де айналысады және рэп оқиды. Сонымен қатар модельдік бизнесте де бой көрсетіп жүр. 

Рейтинг бойынша екінші орынға жапониялық ару Сакура Мияваки жайғасқан.

Ал үшінші орында Blackpink тобының тағы бір әншісі Дженни Ким тұр.

Бұл сұлулық байқауына Азия елдерінен барлығы 100 ару қатысқан. Қатысушылардың толық тізімі төмендегі видеода.