Әйелдерге баруға болмайтын мекендер

Әйелдерге баруға болмайтын мекендер
Фото: peterslarson.com

Таң қалмаңыз! Саяхаттың да өзіндік ережелері мен қағидалары бар. Әсіресе, нәзік жандыларға келгенде тым қатал екендігіне көзіңіз жеткен болар. Ол аздай, әйел затына тыйым салынған жерлер де бар екен. Ендеше, таныс болыңыз!

Жапониядағы қасиетті Омине тауына әйелдер мүлде жіберілмейді.

Сауд Арабиясы: мемлекетке аяқ басу үшін зайыбыңыз, ал басыңыз бос болса ата-анаңыз, жақын туыстарыңыз (ер кісі) жаныңызда болу керек. Әрине, құжаттарыңыздың дұрыс болуы қатаң түрде талап етіледі.

Өкінішке орай, нәзік жандыларымыз Афон тауында да (Грекия) бола алмайды.

Мюнхендегі Galaxy аквасаябағына да баруға рұқсат берілмейді. Бұл шешімнің қашан, қалай шыққандығы түсініксіз. Не болса да, саябақтағы техникалардың аса қауіпті болғандығынан деп қорытынды шығаруға болатын секілді.

Қыз-келіншектер қауымына Мумбай аумағындағы ХV ғасырдан қалған құнды көне мұра Әли Қажы ғимаратына да есік жабық болып тұр.

 

Г. Берік