Кеше ғана ОңтүстікафрикалықДеми-Ли Нел-Питерс (Demi-Leigh Nel-Peters) ханымның Әлем аруы 2017 атанғанын хабарлаған едік. Бұл жаңалық байқаудың twitter желісіндегі парақшасында жарияланған болатын. Байқаудың Лас-Вегас қаласындағыPlanet Hollywood Resort Casino отеліндеөткен финалдық кезеңінде тәж тағынған ару бар болғаны22 жаста. Ақ алтыннан әзірленген, гауһар тастармен көмкерілген тәж үшін 89 елдің арулары бақ сынады. Жеңімпазға тәжді былтырғы жеңімпазфранцуз аруыИрис Миттенар табыстады. Жүлделі екінші орындыКолумбия аруы, ал, үшінші орынды Ямайка аруы алды. Сонымен, біз жинақтаған Деми-Ли туралы 5 қызықты дерекке назар салыңыз. 1. Деми-Ли Мисс Оңтүстік Африка атағын алған кезде белгісіз адамдар оны ұрлап кетпек болған. Осы оқиғадан кейін Деми-Ли әйелдерге арналған өз-өзін қорғау курсын ашыпты. Ол Unbreakable деп аталады. 2. Қазіргі таңда әлем аруы өз-өзін қорғаудан жаттықтырушы қызметін атқарады. 3. Деми-Ли жақында университет бітірген. Мамандығы менеджмент саласымен байланысты. 4. Нель-Питерс ханымның айтуынша, ең маңыды дүние өз-өзіне сенімді болу және қорқынышын жеңуге тырысып бағу. 5. Модель әйелдерді тек өз-өзін қорғауға ғана үйретіп қоймайды. Сондай-ақ, ол әйелдер мен ерлердің еңбегін бағалаудағы теңсіздікті жойып, бірдей жалақы алуына ықпал етуге тырысып жүр.