Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Ұзату тойына арналған тілектер #2

Ұзату тойына арналған тілектер #2

Ұзату тойына арналған тілектер #2

Басы

Бүгін сіздердің назарларыңызға "Қыз ұзату тойына арналған тілектер" топтамасын ұсынамыз. Тілеген тілектеріңіз қабыл болып, қыздарыңыз барған жерінің бағын ашып, бақытты болсын!

***

Ата-ананың бұл өмірдегі ең негізгі міндетінің бірі – ұлды ұяға, қызды қияға қондыру. Бүгін сол міндетті орындап отырмыз. Дүниеге шыр етіп келгеннен алақанда аялап, мәпелеп өсірген қызымыз бүгін, міне үлкен өмірге аяқ басып, құдамның құтты шаңырағына келін атанып отыр. Бауыр етімді кесіп бергендей іштей қынжылып, қимай тұрсам да, қызымның бақытты көздеріне, нұрлы жүзіне қарап қуанып тұрмын. Құдай тағала, жастарды осындай қуанышты жүздерінен айырмасын.

***

Менің өмірімнің мәні де бар байлығым – осылар: артымнан ерген ұл-қыздарым және Құдай қосқан қосағым. "Бала бауыр етің" деп бекер айтпайды екен. Бүгін ұядан ұшып, қанат қаққан қызымды көріп, жүрек шіркін де ауырып-ақ тұр. Аяулы қызым өмірлік теңін тапқан екен, бүгін осы тойға себепкер болып отыр. Күндердің күнінде жат жұрттық болып, өзге шаңыраққа кететінін білсем де, осыншалық қобалжимын деп ойламаппын. Көзге жақындатпай тұрған жасым көңілімде тұр. Балаларым бақытты болсын!

***

Ағайын-туыс, дос-жаран, құрбы-құрдас, көрші-қолаң боп басымыз қосылмай жүргелі көп болған еді. Бүгін міне, жастардың арқасында алыстағы ағайынмен қауышып, жақындағы көршілермен шүйіркелесіп, балаларымыз мәз-мейрам болып, бір керемет күйде жүрміз. Адам көңілді жүрсе көңілдегісін айтады. Барлығымыздың тілегіміз бір. Ол – сендердің бақытты да баянды ғұмыр кешкендерің, өзгеге үлгі болатындай жанұя болғандарың. Көтерген шаңырақтарың ешқашан шайқалмасын. Біз, әрқашан сендер үшін тілекшіміз!

***

Құрбым, Ақмарал! Бүгін сенің өміріңдегі ерекше маңызға ие күн. Осы күні айтылған ауызы дуалы ата-апаларымыздың бата-дұғалары, қонақтардың айтып жатқан тілектері қабыл болсын. Жақсылыққа айтылған әр тілекке біз де қосыламыз. Өмірде тек бақытты болып, махаббат деген ұлы сезімнің тұғырына шығыңдар. Көтерген шаңырақтарың биік болсын. Үйлеріңнен ырыс пен береке кетпесін. Отбасылық өмірге қадам басуларың құтты болсын!

***

Қарындасым, қасымда жүргеніңде сенің қалай бой жеткеніңді байқамай да қалыппын. Әйтеуір, бұйырған бір күні бөтен үйге кететініңді біліп, іштей дайын жүрсем де, бүгін бойымды ерекше бір сезім билеп, қобалжып тұрмын. Сенің орның мен үшін бөлек. Қалай жақсы көретінімізді айтпасам да білесің. Бой жетіп, бүгін ұямыздан қанат қағып ұшып барасың. Жолың ақ болсын! Кішкентай күніңнен сенің қорғаның болуды, қамқоршың болуды мақсат еткен ағаң сені өзгеге қимай тұр. Дегенмен, бұл заңдылық. Сенің бақытты болуың үшін мен және сенің жақындарың барлығына дайынбыз. Қол ұстасқан қосағыңмен мәңгі бақытты ғұмыр кеш, жаным, қарындасым!

0
Рейтинг: +3

Дайындаған: Аслан Қажиев
Фото: Валерий Аяпов
Қосылған күні: 05 тамыз, 12:20

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.