Қытайлық екі компания 30 жастан асқан, бірақ тұрмыс құрмаған қызметкерлеріне қосымша демалыс берді. Бұл туралы Independent басылымы хабарлайды.
Жалғызбастылар сыңарларын табар деген ниетпен олардың жаңа жылдық мереке күндерінің уақыты ұзартылған. Мұндай шешім олардың қызметкерлерінің көпшілігінің ішкі бөлімшелерде жұмыс істейтіндігімен түсіндіріледі. Қызметкерлер сыртқы әлеммен, жалпы қоғаммен аз байланысатын себепті, олардың жеке бастарына уақыты да, мүмкіндіктері де жоқ.
Дәстүрлі көзқарасқа сәйкес, қытайда 25 жастан асқан жалғыз әйелдер "бақытсыз" деп есептеледі. Бұл, өз кезегінде, елдің демографиялық саясатына кері әсер етеді. Қытайда некелер саны жыл сайын төмендеп келеді екен.