- Негізгі бет
- Құпия
- Ұстазына ғашық болған...
Ұстазына ғашық болған студент
Ол - өте сұлу, мінезі көркем, талантты жан. Нағыз сегіз қырлы бір сырлы адам деп айтуға болатын шығар. Қыз-қырқынның барлығы сабағына жақсылап дайындалып, ең әдемі деген көйлектерін киіп барады. Ал мен олай жасамаймын. Жасағым келмегендіктен емес, лайық киімім жоқ. Дәрісін оқыған кезде группаластарым толықтай дерлік ерекше ынтамен, қызығушылықпен тыңдайды.
Алматыға оқуға жіберерде мамам қылымсыған бозбалаларға алданып қалып жүрме, бізді, әсіресе әкең мен ағаңды ұятқа қалдырма деп ақыл айтқан еді. Дәл қазір өзімді айыпты сезінудемін. Мүмкін сіңілім екеуімізге ағамның еш жігітті жолатпайтындығы, бізді вечерге жібермейтіндігі әсер еткен шығар деп ойлаймын. Әсем қалаға келгелі бері көрсеқызарлыққа тап болдым.
Ұстазыма қатты ғашық болғаным соншалық, жанынан өтіп бара жатқан кезімде бойымды кернеген сезім туралы айтқым келіп тұрады. Арамызда 4 жас айырмашылық бар, отбасы да жоқ, басы да бос. Бірақ маған ерекше назар аудармайды. Әлеуметтік желіде достарына қарасам, қаланың қымбат киімдер киетін әдемі бойжеткендері. Тіпті, өзімді олармен салыстыруға ұяламын. Ұстазымның назарына ілігіп, алдағы өмірімді сол кісімен бірге өткізгім келеді. Әдемі киініп, боянайын десем, шәкіртақым жетпейді. Маған кеңес беріңіздерші! Ол жанның жүрегін қалай жауласам болады?
Автор: Құпия қыз
Редакциядан: Құрметті қыз-келіншектер! Біреудің қателігі - біреуге сабақ. Біреудің сәттілігі - біреуге бағдаршам! Өз өміріңізді жазбаға түсіріп, бізге хат ретінде жолдаңыз. Күрмеуі қиын тағдыр жолында сырыңызбен бөлісетін сенімді құрбыңыз – Массагет деп біліңіз. Өйткені біз кез келген құпияны автордың аты-жөнісіз жариялаймыз! Поштамыз: massaget.kz@gmail.com
Қ. Бүйенбай