Бұл жалғанда өзімді жоғалтып алғандаймын. Бір сөзбен айтсам, 2 жыл жүріп, қатты сүйген жігітім жақын күндерде үйленгелі жатыр.
Былтыр екеуміз де мектеп бітіріп, ол оңтүстік астанаға, мен солтүстік астанаға оқуға кеттік. Арамыз алшақтады. Ауылда жүргенімізде ешқашан айырылыспаймыз, оқу бітірген соң қосыламыз деп серт берген едік. Оған қатты сендім. Ал ол бара салып, өзгеріп, группасында бір қызбен жүре бастады. Бұл туралы маған ештеңе айтпаған. Мен кейіннен біліп, айырылыстық. Мүмкін іші пысқан соң жүріп жүрген шығар деп өзімді жұбаттым. Жігіт көп деп оқу, сабақпен алданып жүре бердім.
1 жылдан соң жазда екеуміз де емтиханды бітіріп ауылға келгенбіз. Содан ол кішкене уақыттан соң үйленейін деп жатырмын, үйдегілер құдалармен келісіп келді деді. Мен оны ойнап айтып тұр деп ойладым. Бұл сөздерін естіп: «Жарайды, мені жылатып бақытты болам десең, бола ғой. Менің әке-шешем, бауырларым тірі тұрғанда сенсіз де бақыттымын», - дедім. Ал енді ол өткенде шақыру билетін жіберіп тұр. Суретте екеуі бақытты көрінеді. Бір-бірінен көз ала алмай тұрғандай.
Жүрегім қақ айырылды, жыладым, қатты қиналдым. Сірә, менің жағдайымды ешкім түсіне алмас, қанша бақыт тілесем де, іштей қимай, неге олай жасағанын түсіне алмай, бәрін жек көріп кеткендеймін. Күнде жылап, оның бар жасаған қылығы көз алдыма келіп, ертең тойының быт-шытын шығарып кеткім келеді. Бірақ өзімді сабырға шақырып жүрмін. Олар мені қызғансын деп бірге құшақтасып, сүйіп түскен суреттерін жібереді.
Оның достары маған «Сен әп-әдемі жақсы қыз едің, білмеймін ана қызын қайдан тауып алғанын...» деп айтып жүр. Сабырлықпен тойына барып, бақыт тілеп қайтқаным дұрыс па? Ақыл айтыңыздаршы әпкелер, шыдай алар емеспін.
Автор: Құпия қыз
Редакциядан: Құрметті қыз-келіншектер! Біреудің қателігі - біреуге сабақ. Біреудің сәттілігі - біреуге бағдаршам! Өз өміріңізді жазбаға түсіріп, бізге хат ретінде жолдаңыз. Күрмеуі қиын тағдыр жолында сырыңызбен бөлісетін сенімді құрбыңыз – Массагет деп біліңіз. Өйткені біз кез келген құпияны автордың аты-жөнісіз жариялаймыз! Поштамыз: massaget.kz@gmail.com