- Негізгі бет
- Құпия
- «Сенің арқаң бар...
«Сенің арқаң бар сияқты»: Адамның экстрасенс екенінің 7 белгісі
Өмірде адам сенгісіз қасиеттерге ие кісілерді кездестіріп жатамыз. Кейбірі оған сенбейді де. Ал енді біреулері «Осы сенің арқаң бар-ау» дегенді жиі естіп аңтаң болады. Айтқан сөзі айнымай келетін адамдарға ортақ мынадай 7 қасиет бар екен. Қызық десеңіз, оқып көріңіз.
Көрген түсіңіз өңіңізде орындалады
Күнделікті көрген түсіңіз орындалса, демек оның аян болғаны. Кейде бір оқиға болған кезде оны бұрын түсіңізде көргеніңіз есіңізге түсуі мүмкін. Мұндай жағдай қайтала берсе, ұйықтар алдын жатын бөлмеңізге қалам мен дәптер қойыңыз. Ұйқыдан тұра сап түсіңізді есіңізге түсіріп, жазып жүріңіз.
Сіз жүрген жерде тұрмыстық техника жиі істен шыға ма?
Экстрасенс қабілеті бар адамдар бұл тұрмыстық техника мен электрониканың жұмысына теріс әсер ететін биоөрістің тұрақсыздығына байланысты болады деп сенеді. Осындай ерекше қабілеті бар адамдар арқылы технологияға кері әсер ететін қуатты энергия ағындары өтетіні туралы да айтылады.
Сіздің эмпатияңыздың деңгейі өте жоғары болса...
Егер сіз айналаңыздағы адамдардың көңіл-күйін денеңіздің әрбір жасушасымен сезінсеңіз және олардың қазір не айтатынын немесе не істейтінін дәл болжасаңыз, сіздің қабілеттеріңізді ерекше деп атауға болады.
Үнемі қасыңызда біреу жүрген сияқты болса...
Біз атап өткен қабілеті бар адамдар көбіне жалғыз қалғысы келмейтінін айтады. Себебі оларға қасында көзге көрінбейтін бір күш бар секілді көрінеді. Бұл олардың күнделікті өмірінде дискомфорт тудырады.
Сіз жамандықты алдын ала сезесіз
Жаман нәрсе болатынын білетіндей күй кешесіз. Ондайда мазасыздық пен негізсіз алаңдаушылық пайда болады. Сіз инстинктивті түрде қиындықтың жақындағанын, өзіңізге немесе басқа біреуге қауіп төніп тұрғанын сезінесіз.
Есіктердің ашық тұрғанын ұнатпайсыз
Бөлмедегі есіктер ашық болғанда, экстрасенс өзін өте ыңғайсыз сезінеді. Өйткені ол ерекше қасиетке ие адам ретінде есіктен шығып кеткен ұзақ уақыт бойы жинақталған энергияның жоғалуын сезіне алады.
Алақаныңыздағы сызықтарға мән беріңіз
Егер адамның сұқ саусағының астында доға сызығы болса, оны «Ақ, сұр немесе қара сиқыршының сақиналары» деп атайды. Сақинаның орналасуы неғұрлым төмен болса, адамның экстрасенсорлық қабылдау қабілеті соғұрлым күшті болады деген сенім бар.
А. Оралқызы