"Сен бар өмір" басталғалы мен бәрінен бас тарттым. Тек сен ғана тіршіліктің бастауы. Өткен өмір есімде жоқ. Өзің бар кез бағалы. Өзің барда өр өзеннің ағысы, өздігінен кері қарай ағады. "Сен бар өмір" жап-жарық. "Сен бар өмір" тып-тыныш. "Сен бар өмір" – махаббаттың алаңы. "Сен бар өмір" – қайталанбас хикая. "Сен бар өмір" – естімеген ең ерекше ертегі. "Сен бар өмір" – жазылмаған жыр жолдар. "Сен бар өмір" сезінбеген сезім болар ең ұлы...
"Сен бар өмір" – сыр-сұхбат. Сеніменен, сезіммен. "Сен бар өмір" – диалог. Жалғасы бар. Шегі жоқ. "Сен бар өмір" шынайы. Үміті көп, күдік жоқ. "Сен бар өмір" сергелдең. Қиялы көп, ұйқы жоқ. "Сен бар өмір" – мың жұмбақ. Шешуі жоқ, шешімі жоқ, сыры көп. "Сен бар өмір" тым сұлу. Мен тағатын міні жоқ. "Сен бар өмір". Таусылмасын. Бітпесін. Сезімдер де өлмесін. Жолайрыққа, өтінемін, жетпесін! Сенсіз өмір... Қалам алмас, сия жазбас, ақ парақтар бүлінбес. Жағалауға жастар тамбас, жыр жолдарға жүгінбес. Шырылына телефонның жүгірмес. Ештеңе қызық емес. Көздерде үзік елес. Себебі, сен бар өмір емес.
Мен өмір сүру үшін – сен өмір сүру міндет!
Редакциядан: Құрметті қыз-келіншектер! Біреудің қателігі – біреуге сабақ. Біреудің сәттілігі – біреуге бағдаршам! Өз өміріңізді жазбаға түсіріп, бізге хат ретінде жолдаңыз. Күрмеуі қиын тағдыр жолында сырыңызбен бөлісетін сенімді құрбыңыз – Массагет деп біліңіз. Өйткені біз кез келген құпияны автордың аты-жөнісіз жариялаймыз! Поштамыз: massagetkz@gmail.com