- Негізгі бет
- Құпия
- Отбасыны ажырасудан қорғайтын...
Отбасыны ажырасудан қорғайтын 4 құпия
Бір-бірін ұнатып қосылған 10 жұптың жетеуі ажырасып тынады. Бұл қоғам дертіне айналды. Осы мәселе толғандыратын жастарға махаббатты сақтап қалу құпиясын айтамыз. Бақытты отбасы құруға қатысты лайфхактар кім-кімге де артық білім болмайды.
Егер жұп күнделікті өмірде «табысты қарым-қатынастың төрт ережесін» қолданса, ажырасудың 70% -ы болмас еді.
Бір-бірімен тіл қатысып, сөйлесе білу
Отбасы бақытты болуы үшін ерлі-зайыптылардың арасында жақсы байланыс орнауы керек. Бұл күннің қалай өткенін үнемі егжей-тегжейлі айтып отыру дегенді білдірмейді. Бәрі орнымен, әдемі болғаны жөн. Ғашығынан кері байланыс таппаған сыңар алыстай бастайды. Кері байланыс – бұл коммуникация. Сүйген жарыңыздың өміріне шын қызығушылық танытыңыз және тыңдай біліңіз. Бір-біріңіздің өміріңізде болып жатқан нәрселерге шынымен немқұрайлы қарамасаңыз, екеуіңіз де өз-өзіңізді жақсы сезінесіздер.
Бойыңызды билеген сезімнің бәрімен бөлісу
Отбасылық өмірдің өте маңызды құпиясы: белгілі бір әрекеттерге реакцияңызды «екінші жартыңыздан» жасырмау. Жұбайыңыздың қай әрекеті сізге ләззат беретінін, ал қайсысы, керісінше, ыңғайсыздық тудыратынын айтыңыз. Бұл туралы ашық сөйлесіңіз. Одан жауап немесе реакция күтпеңіз, жай ғана айтыңыз.
Мысалы, егер достарыңызбен кездесу кезінде жақын адамыңыз сізді ренжітсе, онда үйге келгенде немесе келесі күні оған сізді жағымсыз эмоцияларға бойлататын әдеттері барын ашық түрде түсіндіріңіз. Содан кейін әңгіме тақырыбын өзгертіңіз. Сіздің серіктесіңіз проблема туралы кейін ойланады және егер ол сізді шынымен жақсы көретін болса, келесі жолы басқаша әрекет етеді.
Бір-біріңізге жылы көзқараспен қараңыздар
Күлімсіреу – бақыттың көрінісі. Комедияларды бірге көріңіз, әзілдесіңіз, кез келген сылтау тауып, сүйген жарыңыздың езуіне күлкі ұялатыңыз.
Міндетті түрде күнде құшақтасыңыз
Махаббат бір-біріне еміренбеусіз толыққанды болмайды. Күн сайын сіз құшақтасу арқылы бір-біріңізге деген сүйіспеншілігіңізді көрсетуіңіз керек: шын жүректен құшақтау, қол ұстаса серуендеу. Осының барлығы қарым-қатынасты нығайтады. Олар екеу үшін де әдетке айналса, махаббаттың уақыт өте келе қалай өсіп, күшейетінін көресіз. Сүйікті адамыңызға осы құпияларды айтып беріңіз.
А. Оралқызы