- Негізгі бет
- Құпия
- Мендей жігіттер аз...
Мендей жігіттер аз болсын
Бәріне сәлем! Дәл қазір бірнәрсені өзгерту мүмкін емес шығар, бірақ әқайсыңыздың пікірлеріңіз мен үшін өте маңызды. Алдын ала рахмет айтамын!
Жасым жиырма бірде, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 4 курс студентімін. Өзімді мақтағаным емес, бірақ бір кісідей ақылым бар. Үнемі күліп жүремін, құрдастарыммен қалжыңдасамын. Бірақ, қыздарға келгенде үнемі жолым болмайды. Достарым осы күнге дейін бірнеше қызбен жүріп үлгерген, ал мен болсам әлі сүйісіп те көрмедім. Ешуақытта қызым болған емес. Айналамдағылардың күліп қарап, көре сала мазақтай жөнелетініне үйреніп қалғанмын. Осыдан бір жыл бұрын бір сұлу қызбен таныстым, оның жасы ол кезде 17, ал менікі 20-да болатын. Ол мектепте 10 сыныпта оқитын. Бастапқыда жүрексінетін едім, мен универді тәмамдайын деп жатырмын, ол болса 10 сынып оқушысы.
Ол ұлттық құндылықты, салт-дәстүрді құрметтеу дегеннен жұрдай болатын. Дүниетанымының тарлығы соншалық, екеуіміз кездескенде салмақты тақырыптарда сөйлесе алмайтын едік. Оның жүрген ортасы, ақымақ достары мүлдем ұнамайтын. Өзі де ақылымен асып-артылмайды. Бірақ ол мені бәрінен де қатты жақсы көрді.
Уақыт өте келе бізді жан емес, тән қалауы ғана байланыстыратынын түсіндім. Болашағымды онымен бірге елестете алмайтын едім. Бір күні әке болатынымды айтты. Төбемнен жай түскендей болып, дүрбелеңге салынып, екі медициналық орталыққа барып тексерттім. Сөздері рас болып шықты.
Осы күнге дейін өмірде көп нәрсені көрдім деп айта алмаймын. Алғаш рет қызбен жүргенім болмаса, достарыммен бірге күні-түні қыдырған емеспін. Болашағым жарқын болады деп санайтынмын. Бірақ дәл қазір өзімді не күтіп тұрғанын түсіне бастағандаймын. Қызыма баламызға толықтай қамқор болатынымды айттым, бірақ отбасын құруға ұсыныс жасамадым. Және бұдан кейін де жасамайтын сияқтымын.
Мені жақтайтын тірі жан жоқ екенін түсінемін. Дәл қазір мені қатты айыптап та жатқан боларсыздар. Ішімдегі сезімді түсіндіре алмаймын. Мен отбасылық өмірде бақытсыз болсам, жарымды да, баламды да бақытты қыла алмаймынтыным анық. Бар болғаны менің басымнан өткен оқиғаны оқып, өзім секілді жігіттердің қатары азайса екен, ешкімнің тағдырына балта шаппаса екен деймін.
Автор: Құпия жігіт
Редакциядан: Құрметті қыз-келіншектер! Біреудің қателігі - біреуге сабақ. Біреудің сәттілігі - біреуге бағдаршам! Өз өміріңізді жазбаға түсіріп, бізге хат ретінде жолдаңыз. Күрмеуі қиын тағдыр жолында сырыңызбен бөлісетін сенімді құрбыңыз – Массагет деп біліңіз. Өйткені біз кез келген құпияны автордың аты-жөнісіз жариялаймыз! Поштамыз: massagetkz@gmail.com
Қ. Бүйенбай