"Құпия" айдары! Құрбым, жан құрбым осымен екі ай болды, темекіге салынып кетті! Не істерімді білмеймін, қатты өзгеріп кетті. Маған кеңес беріңіздерші.
Бәрін басынан бастасам, мен құрбымды біраз жыл бойы танимын. Бірге пәтер жалдап Алматыда тұрамыз. Ол Қапшағайдағы казинолардың біріне жұмысқа тұрғалы қатты өзгеріп кетті. Шынымды айтсам, мұндай болады деп ойламадым. Құрбым осындай жолға түсіп кетеді деп мүлде ойламадым. Айта берсем, сөз көп...
Бір сөзбен айтқанда, қазір сөзіміз де жараспайды. Құрбым өзіне сай құрбылар тауып алған сияқты. Бұрынғыдай емес, менімен сырласуды қойды. Бір сөзінде "жұмысқа жақын жерден пәтер жалдайтын шығармын" деп айтып қалды. Ал менің жүрегім тағат табар емес...
Қайтсем құрбымды аман алып қала алам? Жұмыстан шығарып алайын десем, қолы ұзын біреу емеспін. Оған ұсынатын жұмысым жоқ... Дүниенің кеңдігінен не пайда, етігің тар болса...
"Жә, мейлі" деп қолымды бір сілтеп кетіп қалайын десем, оның маған жасаған жақсылығы көп. Оны бұл күйде тастап кете алар емеспін. Ақыл қосыңыздаршы...
Автор: Құпия қыз
Сурет: mimoshow.com.au
Редакциядан: Құрметті қыз-келіншектер! Біреудің қателігі - біреуге сабақ. Біреудің сәттілігі - біреуге бағдаршам! Өз өміріңізді жазбаға түсіріп, бізге хат ретінде жолдаңыз. Күрмеуі қиын тағдыр жолында сырыңызбен бөлісетін сенімді құрбыңыз – Массагет деп біліңіз. Өйткені біз кез келген құпияны автордың аты-жөнісіз жариялаймыз! Поштамыз: massaget.kz@gmail.com
Р. Роза