Жұлдызға ғашықпын, не істеймін?
Мен жұлдызға ғашық болып қалдым. Жатсам да, тұрсам да ойымнан кетпейді. Оның бүкіл сұхбатын көріп шықтым. Қызы жоқ сияқты. Ол – отандық танымал адам. Жасым 16-да. Оның қызы болғым келеді. Танысып, білісу үшін ол тұрып жатқан қалаға көшсем деймін. Бірақ ата-анам қарсы болатын шығар. Ол теледидарға шыққанда және инстаграмға сурет салғанда жүрегім дүрсілдеп кетеді. Көзім одан басқа жігітті көрмейтін болды. Кейде жылап алам... Өзім де сұлу қызбын. Сондықтан егер мені көрсе, ол маған көз салып, назар аударар деп ойлаймын. Бірақ күнім де, түнім де қиналумен өтіп жатыр. Ол бір қыздармен сөйлесіп қалса, қатты қызғанып кетем. Тым құрыса өз көзіммен бір көруді армандаймын. Оның қасында жүрген адамдар қандай бақытты еді? Ол туралы құрбыларым нашар сөз айтса, ашуланып, олармен сөз таластырып отырам. Өйткені олар оның қандай жақсы адам екенін білмейді. Бір қорқынышым бар. Ол үйленіп қалса, мен қайтем? Өмірден түңіліп кететін сияқтымын. Үйлену, қыз туралы айтқанын қаламаймын. Ол менікі болуы керек. Анам менің бұл күйімді біледі. Ол кісі "жұлдыздың әйелі болған қиын" деп айтты. Жоқ! Оның әйелі болу үшін бар күшімді саламын. Бірақ оған ғашық қыздар көп. Солардың ішінен мені таңдауы мүмкін емес көрінеді...
Автор: Құпия қыз
Редакциядан: Құрметті қыз-келіншектер! Біреудің қателігі – біреуге сабақ. Біреудің сәттілігі – біреуге бағдаршам! Өз өміріңізді жазбаға түсіріп, бізге хат ретінде жолдаңыз. Күрмеуі қиын тағдыр жолында сырыңызбен бөлісетін сенімді құрбыңыз – Массагет деп біліңіз. Өйткені біз кез келген құпияны автордың аты-жөнісіз жариялаймыз! Поштамыз: massagetkz@gmail.com