Құрметті оқырмандар, есімім құпия болсыншы. Жасым 20-да, жұмыс жасаймын. Бір жігітпен жүргеніме 9 ай болды, осы 9 айдың ішінде көп нәрсені бастан өткердік. Жігітім "күйеуге шық" деп ұсыныс жасады, жақсы көргендіктен "иә" деп келістім, бір-біріміздің ата-анамызбен таныстық. Бірде жұмыстан іссапарға жіберіп, іссапарда жүргенде бір жігітпен таныстым. Ол жігіт сезімін білдірді. Шынымды айтсам, ол жігітті ұнатып қалдым. Қазір телефонмен сөйлесіп жүрміз. Жігітім білмейді, бірақ іссапардан келгеннен кейін жігітім екеуміздің арамыз бұзыла бастады, жігітім дауыс көтеріп, дөрекі сөйлейтінді шығарды. Қазақта "біріншісін шын сүйсең, екіншісіне көз салмайсың" деген сөз бар емес пе, менің екінші бір адамға көзім түсіп жүр, не істерімді білмеймін, ата-анаммен таныстырып, асығыс шешім жасаған сияқтымын. Достар, қандай кеңес бере аласыздар?
Автор: Құпия қыз
Сурет: evlilik.erospirlanta.com
Редакциядан: Құрметті қыз-келіншектер! Біреудің қателігі - біреуге сабақ. Біреудің сәттілігі - біреуге бағдаршам! Өз өміріңізді жазбаға түсіріп, бізге хат ретінде жолдаңыз. Күрмеуі қиын тағдыр жолында сырыңызбен бөлісетін сенімді құрбыңыз – Массагет деп біліңіз. Өйткені біз кез келген құпияны автордың аты-жөнісіз жариялаймыз! Поштамыз: massaget.kz@gmail.com