Үнді махаббаты баяндалатын фильмдерді көп қарап, шіркін, сүйіктім екеуіміз бір-бірімізге бір көргеннен ғашық болайықшы деп қатты тілейтін едім...
Ол кезде жасым небары 22-де болатын. Бастаңғылардың бірінде Данияр келіп нөмірімді сұрады. Дәл осы сәтте бақыттан басым айналып, құлап қала жаздадым. Ауылдан қалаға жаңадан көшіп келген уақыт. Алматыдай алып қалады ешкімді танымайтын едім. Ол менің жақын таныстарымның біріне айналды. Уақыт өте келе әр демалыс сайын жолығу әдетін шығардық. Ғашықтар болып қосылғанымызды ресми түрде ешкімге жарияламадық. Бір шетінен қалаған уақытымда құрбыларыммен кездесіп, жұмысымды істеп, қосымша курстарымды оқып, бос уақытымда бірге уақыт өткізуге болатын адамның бар екенін білу қуаныш еді. Яғни жігіт пен қыз сезімдерінің арасындағы еркіндік мені қатты қуантты. Арада жарты жыл уақыт өткен соң Даниярға қатты бауыр басып қалдым. Қарым-қатынасымыздың дамымай жатқаны маған мүлдем ұнамады. Біз бір-бірімізді меншіктемесек те, өзге ешкіммен жүрмедік. Ол мені бір рет те болсын «қызым» деп атаған жоқ. Шыдамым тауысылған соң Даниярдан «Мен сен үшін кіммін?» деп сұрадым. Ол өз кезегінде 3 айға «Work and travel» бағдарламасымен кетіп бара жатқандығын, менің ол үшін кім екендігімді тек келген соң баяндайтындығын айтты. Яғни мен оның жауабын күтуге мәжбүр болдым.
Бұл оқиға қалай аяқталды дейсіз ғой. Ол Америкадан қайтып келген соң маған хабарласты. Бір жыл уақытымды босқа өткізгенімді түсінбейінше, 2 айдай кездесіп жүрдік. Қазір қатты өкінемін. Бұдан былай жаман жігіттердің жетегінде кеткім келмейді. Жігіттің маған деген сезімі шынайы екенін қалай білсем болады?
(Жігіттің есімін автор хатта солай көрсеткендіктен ғана жаздық).
Автор: Құпия қыз
Сурет: yvision.kz сайтынан
Редакциядан: Құрметті қыз-келіншектер! Біреудің қателігі - біреуге сабақ. Біреудің сәттілігі - біреуге бағдаршам! Өз өміріңізді жазбаға түсіріп, бізге хат ретінде жолдаңыз. Күрмеуі қиын тағдыр жолында сырыңызбен бөлісетін сенімді құрбыңыз – Массагет деп біліңіз. Өйткені біз кез келген құпияны автордың аты-жөнісіз жариялаймыз! Поштамыз: massaget.kz@gmail.com