Құрметті массагеттіктер! Мені толғандырып жүрген мәселе мүмкін біреуге күлкілі де шығар, өйткені "еріккен" деп сөгулеріңіз де мүмкін. Мен ауқатты отбасынан шыққан қызбын. Ауылда өстім. Бірақ қалада 2 үйіміз бар, материалдық жағынан еш қиындық көрмей өскен адаммын. Студентпін, 3 курста оқимын. Өзім қалаған мамандықта, грантта оқимын. Бірақ... мінезім тұйық. Бұл мінез бала кезімнен қалыптасқан, адамдармен араласқанды ұната бермеймін. Мектепте де, студент шағымда да жақын құрбым болған емес, араласатын бір-екі құрбым бар, болды. Өзім өте әдемімін, мектеп кезінен бастап көз салған жігіттер болғанымен, ешкіммен жүрмедім. Жасым жиырмаға келсе де, әлі жігітпен жүрген жоқпын. Жігіт керек-ау деп іздемеппін де тіпті. Кейінгі кезде осы жағдайлар қатты ойландырып жүр, күйзелетін болдым. Не істесем болады, ақыл қосыңыздаршы...
Автор: Құпия қыз
Сурет: galleryhip.com
Редакциядан: Құрметті қыз-келіншектер! Біреудің қателігі - біреуге сабақ. Біреудің сәттілігі - біреуге бағдаршам! Өз өміріңізді жазбаға түсіріп, бізге хат ретінде жолдаңыз. Күрмеуі қиын тағдыр жолында сырыңызбен бөлісетін сенімді құрбыңыз – Массагет деп біліңіз. Өйткені біз кез келген құпияны автордың аты-жөнісіз жариялаймыз! Поштамыз: massaget.kz@gmail.com