Сәлем, қыз-келіншектер! Менің маңдайыма жазғаны бақытсыз болу ма, білмедім... Әлде маған берілген сынақ па?
Менің жасым 19-да. Бір жыл бұрын тұрмыс құрғанмын. Күйеуім, енем бәрі басында жақсы еді. Төрт ай өткеннен кейін көретінді көрдім, күйеуім төрт баланың үлкені. Жейтінім таяқ пен енемнің ауыр сөздері болды. Енем баласына: «Мына келінге разы емеспін, алып кет!» деді. Содан үйден қуып жіберді. Мен өз үйіме кеттім. Өзімнің аяғым ауыр. Екі айдан кейін босанамын. Қазір өз үйімдемін.
Ата-анамнан да ұят. Ұзатып жіберген қызымын. Мен тіпті не үшін ажырасатынымызды да білмеймін. "Енем осылай деді" деген әңгімемен кетіп отырмын. Күйеуім де мені жақтамады.
Жақында анаммен бірге кешірім сұрап бардық. Енем мұнымызды қабылдамады. Өз немересін қаңғытып жіберді. Қандай бала туатынымды да білмеймін. Үш айдан бері күйеуім әлі хабарласқан жоқ. Не үшін тұрмысқа шыққанымды білмеймін. Бір адам болып кетіп, 2 адам болып қайтып келіп отырмын.
Әпкелер, өмірден кішкене де болса сабақ алған жандар болса, көмектесіңіздерші! Менің жаным қиналып кетті...
Автор: Құпия қыз
Редакциядан: Құрметті қыз-келіншектер! Біреудің қателігі - біреуге сабақ. Біреудің сәттілігі - біреуге бағдаршам! Өз өміріңізді жазбаға түсіріп, бізге хат ретінде жолдаңыз. Күрмеуі қиын тағдыр жолында сырыңызбен бөлісетін сенімді құрбыңыз – Массагет деп біліңіз. Өйткені біз кез келген құпияны автордың аты-жөнісіз жариялаймыз! Поштамыз: massaget.kz@gmail.com.