Кейінгі 50 жылда ғылыми прогресс алға үлкен қадам жасады. Адамдар ғарышқа ұшты, өлімге әкелетін ауруларды емдей бастады, жасанды интеллект дамыды және т.б. Бірақ ғалымдар неғұрлым көп ғылыми жаңалықтар ашса, соғұрлым көп сұрақтар туындайды. Мысалы, әсіресе гравитация белгілі болғаннан кейін көптеген сұрақтар туындады. Бүгін hi-news жазған ғалымдар жауабын таба алмаған 5 құбылысты ұсынамыз.
© page.maple4
Қараңғы материя дегеніміз не?
"Қараңғы материя" терминін алғаш рет 1906 жылы француз ғалымы Анри Пуанкаре қолданған. Астрономия мен теориялық физикада бұл әлемнің бүкіл массасының 80% құрайтын материяның формасының атауы. Ол ешқандай жарық шығармайды, онымен қатынасқа түспейтін материя формасы. Яғни, астрофизика ғылымында жарықпен әсерлеспейтін, бірақ тартылыс күшінің ықпалына ұшырайтын (гравитациялық эффекті) затты – "Қараңғы материя" деп атайды. Бұл қасиет оған бақылау жүргізуге мүмкіндік бермейді. Бірақ оның жасайтын гравитациялық эффектілерінің көмегімен оны байқауға болады.
Қазіргі уақытта ең көп тараған нұсқада қараңғы материяның гипотетикалық WIMP бөлшектерінен (WIMP, Weakly Interacting Massive Particle) тұратыны айтылады. Олар протондардан 100 есе ауыр болуы мүмкін, бірақ олар бүгінгі күні бар құрылғылардың ешқайсысымен өзара әрекеттеспейді. Бір күні ғалымдар қараңғы материяның құпиясын ашатыны сөзсіз, бірақ дәл бүгін оның алдында ғылым дәрменсіз.
© page.maple4
Қараңғы энергия дегеніміз не?
Қараңғы материя ғалам массасының 80% құраса, гипотетикалық қараңғы энергия ғалам мазмұнының 70% құрайды. Қазіргі уақытта ғалымдар ғаламның кеңеюін түсіндіре алатын қара энергияның болуы деп санайды. Алайда, мұндай энергияның болуын анықтау мүмкін болмағандықтан, ғалымдар бұл туралы ештеңе білмейді - бұл ғарыштың ең маңызды құпияларының бірі. Зерттеушілер қара энергияның неден тұратынын, оның қаншалықты тұрақты екенін және т.б анықтай алмай келеді.
Қараңғы энергияны түсіндірудің 2 нұсқасы бар: Космологиялық константа және Квинтессентия.
Космологиялық константа – бүкіл ғалам өзгермейтін тұрақты тығыздықпен толтырылған.
Квинтессентия – динамикалық аудан , ол жерде энергиялық тығыздық уақыт пен кеңістік арасында өзгеріп отырады.
© naked-science
Жер бетінде тіршілік қалай пайда болды?
Палеонтологтар біздің планетада миллиондаған жылдар бұрын немесе одан да көп уақыт бұрын өмір сүрген жануарлардың қалдықтарын үнемі табады. Алғашында тіршілік тек суда болғаны, кейін құрлыққа көшті делінеді. Бірақ ол қайдан пайда болды, алғашқы бактериялар мен басқа микроорганизмдер қалай пайда болды – белгісіз. "Алғашқы сорпа" теориясы біздің планетамыздың құнарлы бетінің өзі күрделі молекулаларды қалыптастырды, содан кейін тірі тіршілік иелері өсті дегенді алға тартады. Басқа ғалымдар Жерге тіршілік метеориттер арқылы келді деп болжайды. Бұл рас дейік. Бірақ Жердегі алғашқы микробтар пайда болған орындарда тіршілік қалай пайда болды?
Құстар мен басқа жануарлар неге жылы жаққа көшеді?
Біз қазірдің өзінде қыс басталмай тұрып, кейбір жан-жануарлардың жылы климатқа көшетінін жақсы білеміз. Олар тамақ, қолайлы жағдайда өмір сүру үшін көшеді. Бірақ мыңдаған жылдар бойы адамдар бұл құбылыстан мүлдем бейхабар болды. Құстардың көшетіні 1822 жылы немістің Клюц ауылында мойнында жебе бар ақ ләйлек табылғанда ғана анықталды. Бұл жебе Орталық Африкадағы тайпалардың біріне тиесілі еді. Сосын ғалымдар құстардың кейде планетамыздың жылы аумағына ұшатынын білді.
Бірақ құстар мен басқа жануарлардың мыңдаған шақырымға адаспастан қалай көшетінін ғалымдар білмейді. Олардың кейбіреулері қандай да бір түрде Жердің магнит өрісін сезіеді және бұл мекенін адаспай табуға көмектеседі. Бірақ құстар бұл ғажайып қабілетті қайдан алды? Жауап жоқ, бірақ зерттеу жүргізіліп жатыр.
© kubantoday
Неліктен адамдарға ұйқы керек?
Адам өмірінің белгілі бір бөлігін ұйықтап өткізеді. Мысалы, адам 70 жыл өмір сүрсе, оның 22 жылын ұйқыға жұмсайды екен. Ұйқы адам денсаулығы үшін өте маңызды, өйткені ол тіндерді қалпына келтіруге, күні бойы жинақталған ақпаратты сұрыптауға және жалпы денені сау ұстауға көмектеседі. Ал егер адам ұйқының жетіспеушілігін сезінсе, ол көптеген қиындықтардан зардап шегеді. Бірақ өмірде «ұйқысыздық дертіне» шалдыққан адамдар да бар. Олардың денсаулығында ешқандай кемшілік жоқ.
Бірақ әлемде ұйқысыз өмір сүретін тірішілік иелері бар. Мысалы, ғалымдар бір кездері өгіз бақаның (Lithobates catesbeianus) өмірін бақылап, бірде-бір ұйықтау кезеңін байқамаған. Сондай-ақ, дамудың бастапқы кезеңінде дельфиндердің де бірнеше ай бойы ұйқысыз жүруі мүмкін екендігі байқалды.
Неліктен адам бірнеше күн болса да ұйқтай алмайды. Қанша күн ұйықтамауды тәжірибе жүзінде сынап көрмекші болған адамның ақыры не болғанын көпшілігі біледі.
Кейбір зерттеушілер тірі жандардың көпшілігі ұйықтай алады деп санайды, өйткені олар жыртқыштардан және басқа қауіптерден жақсы қорғануды үйренген – адам да жай ғана осындай тіршілік иелеріне жатады. Бірақ бұл гипотезаға әлі дәлел жоқ.