Барлықтарыңызға салем. Мен қатты қиналып кеттім. Мені қинайтын жағдай - менің әкем. Отбасымызда берекеде қалмады. Әкем ағамның қас жауы. Екеуі күнде ұрыссады. Ағама да қанша түсіндіріп айттым ол мүлде түсінбейді «жыныма тисе өлтіріп тастаймын» дейді. Сондағы болмайтын нәрселерге бола.
Ағам анамның қиналып жүргенін көре тұра қатты дауыспен сөйлеп анамды жылата береді. Анам жылап, әкенің осындай екенін біле тұра бір жағыма шығудын орнына мені одан сайын күйдіріп өлтіретін болдың дейді. Қазір бәрiміз шетімізден ашуланшақ болып барамыз...
Әкем ішкілікке қатты салынып кеткен. Келсе болды анамды ұрады... Үйдегі дүниелердің бәрін қиратып тастайды. Анамнын мүлдем денсаулығы болмай кетті. Әкемнің ішетінін қарындастары бізден көреді. Мен тек анамды уайымдаймын. Біз көрмесін деп түнде жылайды. Мен әкемді жек көрем. Барлык акшаны көшенің адамдарына, картаға ұткызып жібереді. Ал біз ақша сұрасақ «мені ақша басып шығарып жатыр деп ойлайсың ба» дейді.
Кеше әкемнің інісі келіп анамды ұрып жіберді. Әкем қарап тұрып ешнәрсе демеді. Анама «кетейікші» десем, «ол менің жолдасым отбасы болган сон бәрі болады. Шыдау керек» дейді. Үйден кунде қуып шығады. Далада отырамыз. Ыдыс-аяқты қиратады. Көшеде құлап ішеді. Мен қыз болғаннан сон қатты ұялам.
Бір уайымым ағам әскерге кетем дейді. Ал мен келесі жылы оқуға түсем. Грантқа түссем екен деп Алладан жалынып сұрап жүрмін. Біз кететін болсақ әкем анамды өлтіріп тастайды ғой. Мен әкем арақ койса екен, біз де бақытты отбасы болсақ екен деп ораза ұстадым. Мен анама қарап жылагым келеді. Енді не істеймін? Ұзақ болғаны үшін кешіріңіздер. Маған көмектесіңіздерші.
Автор: Құпия қыз
Редакциядан: Құрметті қыз-келіншектер! Біреудің қателігі - біреуге сабақ. Біреудің сәттілігі - біреуге бағдаршам! Өз өміріңізді жазбаға түсіріп, бізге хат ретінде жолдаңыз. Күрмеуі қиын тағдыр жолында сырыңызбен бөлісетін сенімді құрбыңыз – Массагет деп біліңіз. Өйткені біз кез келген құпияны автордың аты-жөнісіз жариялаймыз! Поштамыз: massaget.kz@gmail.com