Жаздың аптап ыстығында бәріміз де жеңіл тамақ жегенді жақсы көреміз. Мұндай тағамдардың бірі – салқын көже. Бүгін біз сіздердің назарларыңызға оңай әрі тез дайындалатын 3 салқын көжені ұсынғымыз келіп отыр.
Таратор
Ингредиенттер:
4 қияр;
1 стақан айран;
жарты стақан су;
бір тілім сарымсақ;
бір байлам аскөк;
өсімдік майы;
50 грамм грек жаңғағы;
жарты ас қасық сірке су;
тұз.
Дайындау жолы:
Қиярдың қабығын ашып, уақтап тураңыз. Оған үгітілген сарымсақты салып, үстіне айран құйып, содан соң сірке суын қосыңыз. Кейін бұл қоспаны қайнаған салқын сумен жақсылап араластырып, жаңғақты ұнтақтап салуға ұмытпаңыз. Сонымен қатар өзіңізге ұнайтын өсімдік майын қоссаңыз болады.
Асқабақ қосылған жазғы көже
Ингредиенттер:
3 ас қасық зәйтүн майы;
1 бадана;
4 қызанақ;
1 бұтақ жалбыз;
500-600 грамм асқабақ;
1 ас қасық крахмал;
тұз бен бұрыш;
базилик дәмдеуіші;
Лимон шырыны.
Дайындау жолы:
Жуа, қызанақ және асқабақты уақтап тураңыз. Табаға 2 ас қасық зәйтүн майын құйып, жуаны жұмсақ болғанша қуырыңыз. Содан соң қызанақ қосып, 2 минут араластырыңыз. Кейін 1 литр су құйып, қоспаның қайнағанын күтіңіз. Одан кейін жалбыз қосып, сорпаның бетін қақпақпен жауып, 15 минут отқа ұстаңыз. Қоспа қайнап болғаннан соң тұз бен бұрыш салып, араластырып, сорпаның суығанын күтіңіз. Аздап лимон шырыны мен бір қасық зәйтүн майын қосып, 2 сағат тоңазытқышқа қойыңыз.
Авокадо қосылған салқын көже
Ингредиенттер:
1 үлкен авокадо;
1 кішкентай бадана;
1 тілім сарымсақ;
кинза;
жалбыз;
2 ас қасық лимон шырыны;
700 мл салқындатылған көкөніс сорпасы;
1 ас қасық соя тұздығы;
тұз бен бұрыш.
Дайындау жолы:
Жуа мен сарымсақты ашып, талқандаңыз. Содан соң авокадоны ортасынан бөліп, сүйегін алып тастаңыз. Кейін блендерге салып, жуа, сарымсақ және лимон шырыны мен сорпаның жартысын қосыңыз. Бәрін араластырып болған соң, соя тұздығы мен сірке суды және қалған сорпаны құйып, тұз бен бұрыш салыңыз.
Бұл көжелер сіздің денсаулығыңызға өте пайдалы. Ас болсын!