Психолог мамандар біздің тәбетімізге ыдыстың түсінің әсер ететіндігін айтып отыр. Яғни, тәбетті төмендетіп, артық салмақтан арылу үшін ыдыс түсін өзгерту керек екен. Ендеше, төмендегі тұжырымдарды мұқият оқи отырып, дұрыс шешім қабылдаңыз!
Ақ және сары ыдыс
Дәстүрлі ақ және сары, сарғыш түсті ыдыстар тәбетті шақырады. Дегенмен, сары түсті ыдыстың оңды тұстары жоқ емес, ол тоқтық сезімін тез тудырады, сол себепті, сорпа секілді сұйық тағамдарды сары ыдысқа құйып ішсеңіз, сымбатыңызға айтарлықтай қауіп жоқ. Сары, сарғыш реңді ыдыстар балалар үшін өте дұрыс. Ашық, жылы түстер бала тәбетіне оң өзгерістер әкеледі.
Қызыл ыдыс
Бұл – соғыстың, құмарлықтың түсі. Қызыл ыдыстағы тағамды тез жей бастайсыз, нәтижесінде қорытылмай, асқазанда қиындықтар туады. Мұндай кезде адам аштық секілді сезімдерді бақылауға ала алмай шамадан тыс жеп қояды. Сымбатымды қалпымда сақтаймын десеңіз, қызыл түсті ыдыстан бас тартыңыз.
Көгілдір ыдыс (көк, күлгін)
Бұл салаттар мен десерттер үшін таптырмас түс. Ал көгілдір шыны аяқпен шәй ішу өте зиян. Зиян болғанда денсаулық үшін емес, қабылдауға әсер етеді. Көгілдір түс пессимистік болып келеді, сондықтан, бір нәрсе жетіспей тұрғандай сезімде боласыз. Яғни арықтап, тамақ ішу рақатынан бас тартамын десеңіз, көк түсті ыдыстарды жинап қойыңыз.
Жасыл ыдыс
Жасыл, қара-жасыл, қызыл қоңыр реңдер – ең "дәмсіздер" болып келеді. Мұндай ыдыстан тамақ жегіңіз келмей тұрады. Ас та дәмсіз көрінеді. Осы нұсқа артық салмақтың уайымына түсіп жүргендер үшін дұрыс таңдау болмақ.
Қара ыдыс
Мұндай ыдыс ас үйде көзтартарлықтай көрінеді. Психолог мамандар қара реңнің тамақ жеуге деген құлшынысты баса алатындығын бірауыздан растап отыр. Қара ыдыстағы тағамнан бас тарту оңай.
Сіз қандай түсті ыдысты таңдар едіңіз?
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет:liveinternet.ru