Варениктер қамырын дайындаудың 2 тәсілі

Варениктер қамырын дайындаудың 2 тәсілі
Фото: rudaki.ru

Көп бойжеткен варениктерге арналған қамырды дайындау қиын деп ойлап, дүкеннен сатып алады. Алайда бұл сіз бен біз ойлағандай қиын емес. Сондықтан кезекті материалымызда варениктер қамырының оңай дайындалу тәсілдерін ұсынамыз.

1. Варениктердің қамырын дайындау үшін бізге:

- 2 стақан ұн;

- ¾ стақан су;

- 1 жұмыртқа;

- 1 шымшым тұз қажет.

Дайындалуы:

Ұнның үстіне жылылығы 30-35 градус болатын су құйып, жұмыртқа мен тұзды саламыз. Жақсылап илейміз. Дайын болған қамырдың бетін матамен жауып, 40 минут күтеміз.

2. Варениктердің қамырын дайындау үшін бізге:

- 5 стақан ұн;

- 0,5 л айран;

- 1 жұмыртқа;

- тұз;

- ас қасық қант;

- шай қасық ас содасы қажет.

Дайындалуы:

1. Қант пен жұмыртқаны бір ыдысқа саламыз. Үстіне аз-аздан ұн себеміз. Артынша сода мен тұз қосып, барлығын жақсылап араластырамыз.

2. Ұнды ыдысқа салып, ортасын ашамыз. Үстіне айран құйып, илейміз. Қамыр қолға жабыспайтындай дәрежеге жетуі тиіс. Араластырып болған соң ыдысқа салып, бетін матамен жабамыз. Осылайша 30-40 минут тұрғаны жөн. Қамырымыз осымен дайын!

Қ. Бүйенбай