Ұйықтар алдында не жеуге болады?

Бәріміз «ұйықтар алдында тамақ жемеу керек» деген қағиданы білеміз. Алайда қарны ашып тұрған адам еріксіз тамақтанып алуы ғажап емес. Мұндай жағдайда не жеуге болады?

Айран

Ұйықтар алдында бір стақан майлы емес айранды ішіп жатуға болады. Ол әрі пайдалы әрі тойымды сусын.

Грейпфрут

Дәмді, пайдалы әрі семіртпейтін жемістің бірі – грейпфрут.

Ананас

Жаңа піскен ананасты жесеңіз, тез тоятын боласыз. Әрі ананастың құрамында калорий аз.

Алма

Алма қарынды тез аштыратындықтан, біреуінен артығын жемеуге кеңес береміз.

Кептірілген жемістер

Түнде тәтті жеуге құмартсаңыз, мейіз, кептірілген өрік, қара өрік секілді жемістерді жеп алуыңызға болады.

Жаңғақтар

Жаңғақтардың құрамында калорий көп болғандықтан, аз-аздан жегеніңіз абзал.

Банан

Бір бананды кесіп, турап, асықпай жеу керек. Ол әрі дәмді әрі тойымды жеміс. Алайда біреуінен артық жеуге болмайтынын ұмытпаңыз.

Қайнатылған көкөністер

Кішігірім тәрелкеге қайнатылған көкөністерді салып, ұйықтар алдында жеуге болады.

Жоғарыда аталған тағамдарды ұйықтар алдында жеп алсаңыз, дене сымбатыңызға еш зияны болмас. Ал түн жарымда оянып, шоколад, бәліш не қуырылған картоп жеу — денсаулыққа деген немқұрайлықтың белгісі.

Сурет: inandout.com.cy

Ұқсас жазба:

Таңғы ас – тәңірден