- Негізгі бет
- Аспаздық
- Үйден «фанта» дайындайық!...
Үйден «фанта» дайындайық!
Газдалған апельсинді сусын — фанта бәріне таныс. Алайда дүкенде сатылатын бұл сусынды ересектерге де, балаларға да көп ішуге болмайды. Бірақ оның пайдалы балама түрін үйден дайындауға болады.
Қажетті ингредиенттер:
- 700 мл су;
- 2 апельсин;
- 3 мандарин;
- 1 лимон;
- 150 г қант;
- 500 мл газдалған су.
Дайындау жолы:
1. Жемістерді мұқият жуу керек, себебі оның қабығын да пайдаланамыз. Лимонның қабығын пышақпен немесе үккішпен өте жұқа етіп ашу керек. Лимонның тек сары бөлігі керек, оның ақ бөлігі фантаға кетіп қалмау керек. Әйтпесе, сусын ащы болып кетеді.
2. Қалған лимонның шырынын алыңыз. Осы процесті апельсиндер мен мандариндерге қайталаймыз: қабықтарын ашып, шырынын сығып аламыз.
3. Кәстрөлге жемістердің қабықтарын салып, шырынды құямыз. Оның үстіне қантты саламыз.
4. Кәстрөлге қайнаған су құйып, 1 минут қана қайнатамыз. Оны суытып, содан соң тоңазытқышқа 5 сағатқа қойыңыз.
5. Шәрбатты сүзіп алып, газдалған сумен 1:1 қатынаста араластырыңыз. Сусын дайын!
А. Жапатова