Құрамы:
Қоюлатылған сүт (cгущенка) – 1 банкі.
Сары май – 200 г.
Миндаль – 1 стакан
Ванилин – 1 пакет
Кокос ұнтақтары - 200г.
Дайындалуы:
Алдымен сары майды ерітіп, ванилин мен қоюландырылған сүт, кокос ұнтақтарын қосып араластырамыз. Жақсылап араласқан қоспаны тоңазытқышқа саламыз.
Бірнеше сағатттан соң алып, әрбіреуіне бір дана миндальдан салып, домалақтау керек. Домалақталған шарды кокос ұнтақтарына аунатып аламыз. Міне, рафаэлло тәттіміз дайын.
Ас болсын!
Дереккөзі: anabol.kz