Ұннан жасалатын тағамдардың көтеріліп піскенін қаласаңыз...

Ұннан жасалатын тәтті тағамдарды немесе түрлі көкініс қосылған пирогты пісірген кезде оның барынша көтерілгенін қалаймыз. Ал бұл мақсатымызға қалай жетеміз? Арасына дүкеннен сатып алынған қамыр қопсытқышын саламыз. Сірке суына немесе лимон қышқылына езілген ас содасын қосамыз. Осы кейінгі әдісті пайдаланған кезде қамырымыз өзіміз қалағандай етіп көтеріледі. Сондықтан барлық мәселе ас содасын сірке суы мен лимон қышқылына араластыруда болып тұр.

Сонымен алдымызда екі сұрақ бар:

1) Пісіретін тағамымызға ас содасын қосу керек пе?

2) Және оны міндетті түрде бір нәрсемен араластырған жөн бе?

Жауаптары:

1) Ас содасы қышқыл бір нәрсемен араласқан кезде көмірқышқыл газын бөліп шығарады. Осылайша тағам көтеріліп, жұмсақ болып піседі.

2) Жоқ. Былай жасаған дұрыс: Ас содасын пісіретін тағамның, мысалы, ұнның арасына құры өзін қосу керек. Жұмыртқа, қант, тұзды араластырып үстіне лимон шырынын құйыңыз. Артынша осы сұйықтықты ас содасымен араласқан ұнға қосып, тағамыңызды пісіре берсеңіз болады. Бұл мысал болатын. Және тағы да бір айта кететіні: Егер сіз пайдаланайын деп тұрған ұнның құрамында қатық, бал, лимон суы, айран сынды қышқыл заттар болса, үстіне тек ас содасын қосыңыз. Жоғарыдағыдай еш нәрсе ойлап табудың қажеті жоқ.

Айтылған кеңестер пайдаңызға жарар деген үміттеміз!

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: kyhnia.ru