Таңғы асқа қуырылған жұмыртқа жегенді жақсы көресіз бе? Олай болса, бұл тағамды ащы дәм қосып түрлендіріңіз.
1. Зәйтүн майын табаға құйып, үстінде 1 минут ащы бұрыш пен майдалап туралған сарымсақты қуырыңыз.
2. Қызанақ тұздығын қосып, бұқтырыңыз. Қайнаған соң қант, тұз, қара бұрыш қосыңыз. Отты басып 10 минутқа табаны қалдырыңыз.
3. Үстіне жұмыртқа салыңыз. 5 минуттан соң табаны оттың үстінен алып, 2-3 минутқа қақпағын жауып қойыңыз.
4. Тұздықты ірімшікпен үйкелген нанның үстіне құйыңыз. Тағы да қалауыңызша тұз бен бұрыш қоссыңыз, таңғы ас дайын. Астарыңыз дәмді болсын!
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: loveeat.ru