Йогурттан және қаймақтан жасалатын аз калориялы тұздық (соус) түрлерін дайындау жолдарын ұсынамыз. Йогурттың қоспасыз түрін таңдағаныңыз жөн.
1. 1 стақан йогуртқа 2 ас қасық лимон шырынын, аскөк және аздап тұз қосып, жақсылап араластырыңыз.
2. 1 стақан қаймаққа 1 ас қасық дайын ақжелкен салып, араластырыңыз. Бұл тұздық балықтан дайындалған тағамдармен жақсы үйлесім табады.
3. 1 стақан қаймақ пен соя тұздығын (қалаған мөлшерде) араластырып, балыққа арналған тағы бір тұздық дайындауға болады.
4. 1 стақан йогуртқа ұсақталып туралған алма және карри ұнтағын салып, жақсылап араластырыңыз. Бұл "карри тұздығы" деп аталады.
5. Қызанақ, аскөк, көк жуа және сарымсақты ұсақтап тураңыз. Аздап қара бұрыш қосып, 1 стақан қаймақпен жақсылап араластырыңыз. Бұл тұздық қуырылған етпен жақсы үйлеседі.
6. 1 стақан йогуртқа немесе қаймаққа ұсақтап туралған тұздалған қияр және алма қосып, аздап қыша, тұз және қара бұрыш салып, барлығын араластырыңыз.