Түскі уақытта қандай тағам жеу керек? Аса ауыр емес, ұйқы шақырмайтын, жеңіл тағам түрлерін назарларыңызға ұсынамыз:
1. Ботқа
Сұлы не қарақұмық ботқасын дүкеннен алуыңызға болады. Пакеттегі ботқаға қайнаған су құйсаңыз, 15 минутта дайын болады. Оны дәмдірек еткіңіз келсе, грек жаңғағын, мейіз, алма бөліктерін қосыңыз. Ботқаның құрамында көмірсулар, минералдар, дәрумендер мен жасұнық бар.
2. Мюсли
Дүкенде мюслидің түрлері көп. Құрамын зерттеп, химикаттары мейлінше аз болатын түрін таңдаңыз.
3. Картопты қабығымен пісіру
Оны үйде пеште, жұмыста микротолқынды пеште дайындауға болады (міндетті түрде картоптың қабығын тесу керек). Қайнатылған картоптың құрамында ақуыз, С дәрумені мен аминоқышқылдар бар.
4. Қайнатылған жұмыртқа
Жұмыртқаның құрамында ақуыз бен Д дәрумені бар. Қайнатылған жұмыртқамен қоса көкөністен жасалған салат алуыңызға болады.
5. Қышқыл сүтті азықтар
Айран ағзадағы токсин, қоқысты шығаруға көмектеседі. Сонымен қатар зат алмасуды жақсартып, жүрек тамыр жүйесіне, бауыр мен бүйрек қызметіне көмектеседі. Құрамында В, А, С дәрумендері мен микроэлементтер мол.
6. Көкөністер
Маусымға сәйкес жаңа піскен көкөністерді тек түскі уақытта емес, мейлінше жиі жеу керек.
7. Сүзбе
Түскі асқа тағам дайындап үлгермеген жағдайда сүзбені алуыңызға болады. Сүзбенің құрамында казеин мен тез қорытылатын ақуыз бар.
8. Қайнатылған ет
Тауық, сиыр еті ақуызға бай болғандықтан, өте тойымды болып келеді.
9. Қызыл балық
Қызыл балық қан тамырларына пайдалы омега-3 майлы қышқылдарына, фосфор мен ақуызға бай. Қызыл балықты бутерброд жасауда тауық етінің орнына қолдануға болады.
10. Жеміс-жидек, жаңғақтар мен кептірілген жемістер
Бұл – әрі дәмді әрі пайдалы тағамдардың бірі. Олардың құрамында макро және микроэлементтер, аминоқышқылдар мен дәрумендер мол.
Сурет: motto.net.ua
Ұқсас жазба:
10 минутта пицца дайындау