Қажетті азық-түліктер:
Қамырына:
- 0,5 кг ұн;
- 0,5 стақан жылы су ;
- 1 стақан айран не сүт;
- 50гр сары май не сұйық май;
- 1 шай қасық секер;
- 0,5 шай қасық тұз;
- 1 ас қасық ашытқы.
Салмасына:
- 0,5кг тартылған ет;
- 1-2 дана қызанақ;
- 2 дана болгар бұрышы;
- 1 пияз;
- 1 жұмыртқа;
- 1 шай қасық ұнтақталған бұрыш;
- тұз.
Дайындалуы:
Қамыры: Ұнды ыдысқа салып үстіне секер, тұз және ашытқыны саламыз, жылы су, айран (салқын болмау керек бөлме температурасында болғаны дұрыс), сары майды ерітіп құямыз да қамыр илейміз. Бетін жауып көтерілгенше жылы жерге қоямыз.
Енді салмасын әзірлейміз: Пияз, қызанақ және болгар бұрышын үккіштен өткіземіз, тұз, ұнтақ бұрыш салып жақсылап араластырамыз, егер салмасы құрғақ болса қамырдың бетіне оңай жағылу үшін аздап су құямыз. Дайын болған қамырды алып бөліктерге бөліп жаямыз, үстіне салмасын саламыз да жан-жағын жабамыз, жұмыртқаның бір данасын үгітіп, үстіне саламыз немесе ірімшік себеміз. Әдемілік үшін жұмыртқаның сарысын қамырымызға жағып күнжіт себуге болады. 180-200 градуста қызарғанша пісіреміз. Ас болсын!
Дереккөз: anabol.kz