Түрік десерті — Кабак тәттісі

Түрік десерті — Кабак тәттісі
Фото: alanyatoday.ru

Керекті азықтар:

- 1 кг асқабақ;
- 3 ас қасық қант;
- майдаланған жаңғақ.

Дайындалуы:

Асқабақты аршып, үлкен емес бөліктерге тураңыз. Табаға немесе қазаншық түбіне туралған асқабақтардың астын төмен қаратып тізіңіз. Бір қатар етіп. Енді үстіне қант сеуіп қойып, үстін жабыңыз. Қатты емес отқа қойып, 15 минут пісіріңіз. Асқабақ су шығарып қайнай бастаған кезде, үстін ашып тағы 20-25 минуттай пісіріңіз. Піскен асқабақтарды ыдысқа қойып, үстіне майдаланған жаңғақ сеуіп қойыңыз. Суытып жеңіз.

Астарыңыз дәмді болсын!

Дереккөз: anabol.kz

А. Жапатова