Азық-түлікті дұрыс сақтау ретіне аса мән беру керек. Себебі негізгі ережелерді ұстанбасаңыз, тамақ тез бұзылып кетуі мүмкін. Әсіресе, тоңазытқыштың ішіне азық-түлікті ретсіз сала салмау керек. Мысалы, тоңазытқыштың есігі ондағы ең жылы жер болып табылады. Сондықтан тоңазытқыштың есігіне нақты өнімді саларда бұл фактті ескермеуге болмайды. Ендеше, назарларыңызға тоңазытқыштың есіге сақтауға болатын 5 азық-түлікті ұсынамыз.
1. Су
Тоңазытқыш есігіне суы бар бөтелкені қоюға болады. Орташа температураның арқасында сұйықтық қатты суып кетпейді. Ол бірден мұздай су ішуге болмайтын адамдарға жақсы. Алайда тоңазытқыш есігіне өте ауыр бөтелкелер қою ұсынылмайды.
2. Өсімдік майы
Ас үй ханшайымдарының көпшілігі сұйық майды шкафқа салады. Алайда бұл өнім жылуды нашар "көтереді" екен, сондықтан оны тоңазытқыштың есігінде сақтау ұсынылады. Бұл ереже зәйтүн майына ғана жүрмейді, себебі зәйтүн майы суықта өзінің дәмдік қасиеттерін жоғалтады.
3. Тұздықтар
Қыша, майонез, кетчуп және басқа да тұздықтарды тоңазытқыштың есігінде сақтау ыңғайлы. Сондай-ақ бұл өнімдер үнемі жылы ауа кіріп тұратын жерде де бұзылмайды. Бірақ жарамдылық мерзімін тексеріп тұруды ұмытпаңыз: оларды ашқаннан кейін нақты күндерден соң жеуге болмайды.
4. Консервіленген өнімдер
Тоңазытқыштың есігіне шағын құтылардағы консервіленген өнімдерді сақтауға болады. Олар шпроттар, паштет, томат пастасы, бұршақ немесе жүгері болуы мүмкін. Бастысы, олар есікке еш қиындықсыз сыйса болғаны, ал олардың сақталуы жайлы уайымдамасаңыз болады. Температуралар өзгерісі консервіленген құтылардың сақталуына кедергі келтірмейді.
5. Ірімшік пен кілегей майы
Бұл өнімдерді сақтау кезінде бірнеше ереже жайлы ұмытпау керек. Біріншіден, ірімшікті полиэтилен пакетке немесе аспаздық қабықшаға орап сақтауға болмайды. Әйтпесе, ол "тұншығып", зеңмен қапталады. Сондықтан оның кесілген жері кеуіп кетпес үшін ол жерге кілегей майын жағып, оны пергамент қағазға орап сақтау керек. Ал майды алдымен бірнеше бөлікке бөліп, жақын күндері қолданатыныңызды май салатын ыдсқа салып, тоңазытқыштың есігіне қойыңыз. Сол кезде май қолдануға ыңғайлы жұмсақ күйінде тұрады. Ал қалғанын мұздатқышта сақтаған жөн.