Томат пастасы ең қажетті ингредиенттердің бірі болса да, дүкеннен алатын пастаның дәмі көп жағдайда көңілімізден шықпайды. Сол себепті, өз қолымызбен паста дайындап үйренетін уақыт келді.
Ол үшін тек жақсы піскен қызанақтарды пайдалану керек. Жартылай піскен не пісіңкіремеген қызанақтар пастаның дәмін бұзады.
Қызанақтарды жуып, кастрөлге салып, қайнатамыз. Қайнаған соң еттартқыштан өткіземіз. Бұл қоспаның көлемі 2-3 есе азайғанша эмальданған кастрөлге салып, тағы қайнатамыз.
Кастрөлге қоспаны бірден құймай, аз-аздан құйып отырыңыз. Отты қатты қойып, үздіксіз араластыру керек.
Дайын езбені алдын ала 10 минутқа ыстық суда ұстаған құтыларға салып, аузын қақпақпен жабу керек. Бұл құтыларды қайнап тұрған суда 10-20 ұстап, содан соң ғана салқын жерге қойып, сақтаймыз.
Пастамыз құтыда көгеріп кетпеуі үшін оның үстінен тұз сеуіп, аздап өсімдік майын құйып қоямыз.
Міне, осы рецепт арқылы сіз де томат пастасын қолдан дайындай аласыз.
Тағамыңыз дәмді болсын!
Сурет: tvcook.ru
Оқи отырыңыз:
1 минут ішінде 1 келі картопты тазалау мүмкін бе?
Кәуапқа арналған ең дәмді маринадтар
Етті дәмді еткіңіз келсе