- Негізгі бет
- Аспаздық
- Томат пастасын сақтаудың...
Томат пастасын сақтаудың ең оңай жолы
Көп жағдайда тамаққа қосу үшін томат пастасын сатып аламыз да, оны түбіне дейін қолдана алмай жатамыз. Әрі кетсе, 4 рет қолданылған соң, тоңазытқышта тұрғанның өзінде көгеріп, жарамсыз боп қалады.
Кейде әлдебір асүй ханшайымдары томаттың көгерген жерін сылып алып тастап, әрі қарай қолданып жатады. Бұндай қиындыққа жолықпаудың мынадай керемет тәсілі бар екен.
- Пышақпен томат пастасы құйылған қаңылтыр банкінің екі қақпағын да мұқият ашыңыз.
- Тек жоғарғы қақпағын түгел алып тастап, банкіні тамаққа арналған қаппен қаптаңыз.
- Банкіні тоңазытқыштың мұздатқышына салып, түнге қалдырыңыз.
- Келесі күні банкіні мұздатқыштан алып шығыңыз. Қатып қалған томат пастасы тамаққа арналған қапқа өзі-ақ түсе қалады (Екінші суреттегідей).
Томат пастасының тамаққа керек бөлігін алып, қалған бөлігін қайтып мұздатқышқа салып қойыңыз. Осы әдіс арқылы томат пастасын біткенше қолдана аласыз.
Дайындаған: Махаббат Оңғарова
Сурет: liveinternet.ru, rezepty.com
Р. Роза