Шайдың әлемде біз білетін тек екі атауы бар. Оның бірі – "ти". Мысалы, ағылшын тілінде "tea", испанша "té", ал африка тілінде сөйлейтіндер "tee" дейді. Екінші нұсқасы – "ча". Қазақша "шай", хинди тілінде де солай айтылады.
Екі сөздің де отаны – Қытай. Ұлы Жібек жолы бойындағы халық арасында "ча" сөзі кеңінен тараған, ал Еуропаға қарай жүзген сауда кемелерінің арқасында бірқатар ел "ти" сөзін қолдана бастаған.
"Шай" және Ұлы Жібек жолы
Қытай халқының бірнеше тілінде "ча" түбірі кездеседі. Бұл сөзді парсы тіліне икемдеп, "шай" деп алғаш айта бастаған – Ұлы Жібек жолымен өтетін Орталық Азия халқы еді. Бұл шамамен екі мың жыл бұрын болса керек. Артынша араб халқы да "шай" деп үйренсе, урду және орыс тілінде "чай" нұсқасы пайда болды. Тіпті Сахарада мекендейтінтер суахили тілінде сөйлейтіндер де "чай" дейді екен. Ал жапон және кәріс тілдеріне "ча" сөзі еш өзгеріссіз енген.
Теңіз саяхаты және "ти"
"Ти" түбіріне қатысты әртүрлі дерек бар. Бұл буынның қытайша иероглифі әр жерде жазылуы бірдей болғанымен, әркелкі айтылған. Мысалы Солтүстік Қытай тілінде "ча" деп айтылса, оңтүстікте кеңінен таралған оңтсүстік минськ тілінде "ти" дейді екен.
XVII ғасырда Голландия саудагерлері Қытайдан Еуропаға шай тасыған. Голландияның ең ірі порттары Шығыс Азиядағы Фуцзянь және Тайваньда орналасқан. Бұл маңайда "ти" формасы кеңінен таралған. Осының арқасында Еуропада шайды "ти" түбіріне ұқсатып айта бастаған. Франция халқы "le thé" десе, немісше "tee" деп айтылған.
Дегенмен Еуропада "ти" емес, "ча" түбірін қолданатын ел бар. Тайваньды иелік еткен португалиялықтар шайды Макао арқылы тасыған. Ал мұнда "ча" түбірі кеңінен тараған. Сол себепті Португалияда әлі күнге дейін "чай" дейді.
Міне, әлемдегі ірі сауда жолының арқасында бір заттың екі түрлі ғана атауы кеңінен таралды. Ұлы Жібек жолы бойындағы халық "чай" десе, теңізбен сауда жасаған еуропалықтар "ти" сөзін қолданады.