Қарнымыз ашып тұрғанда ет қосылып, баппен пісірілетін тамақты күтуге шыдамымыз жетпейді. Әлде бір жерге шұғыл кететін болсақ та, жылдам әзірленетін тағам жасауға мәжбүр боламыз. Көшеден фаст фуд өнімдерін сатып алғанша, үйде өзіңіз дәмді ас әзірлеңіз.
Қуырылған кәді
Қажетті азық-түлік:
– 2 кәді (кабачок);
– 2 стақан ұн;
– 2 жұмыртқа;
– 1-2 ас қасық өсімдік майы;
– тұз.
Кәдіні 0.5-1 см қалыңдықта кесеміз.
Бір тәрелкеге ұн, бір тәрелкеге жұмыртқа салып, екеуінің де үстіне тұз себеміз.
Табаға май құйып, қыздырамыз.
Кәдіні бірінші ұнға, содан соң жұмыртқаға малыңыз.
Екі жағын кезектестіріп қызарғанша майға қуырыңыз.
Картоп пен шұжықша
Қажетті тағамдар:
– 5-6 картоп;
– 5-6 шұжықша (сосиска);
– 200 гр сары май не кілегей майы (маргарин);
– 1 пияз;
– сарымсақ;
– тұз.
Алдымен картопты суға қайнатып аламыз.
Табаға сары май салып, ерітеміз.
Оған пияз бен шұжықшаны турап саламыз.
Үстіне қайнаған картопты турап саламыз.
Тұз себеміз.
Сарымсақты майдалап турап қосамыз.
Тағамымыз дайын.
Картоп котлеті
Қажетті азықтар:
– 400 гр картоп;
– 3 ас қасық өсімдік майы;
– тұз бен бұрыш.
Картопты үккіштің ірі көзінен өткіземіз.
Оны дәкеге салып, қоймалжыңын сығып тастаймыз.
Табаға май құйып, қыздырамыз.
Үккіштен өткізілген картопты котлет пішініне келтіріп, майға қуырамыз.
Астарыңыз дәмді болсын!