- Негізгі бет
- Аспаздық
- Таяқшамен тамақ ішіп...
Таяқшамен тамақ ішіп үйреніңіздер
Тамақ ішуге арналған бұл таяқшалар Шығыс Азия елдерінің асханаларында көптеп кездеседі. Біздің мемлекетімізде де, әсіресе суши мейрамханаларында қолданылып жүргеніне біраз болды. Алайда көпшілігі бұл таяққа үйренісе алмай отыратынын көзіміз көріп жүр. Сондықтан біз бүгін таяқшамен тамақ жеудің жеңіл жолын ұсынамыз.
1. Суреттегідей таяқшаның аяғына резеңке байлап қойыңыз.
2. Кішкентай қағазды бүктеп, түтікше жасаңыз.
3. Таяқшаны мұқият ашып, қағаз түтікшені резеңкенің астына салыңыз.
Егер бұлай тамақ жеу қиынға соқса, шанышқыға асықпаңыз. Күнделікті жаттығу жасасаңыз, міндетті түрде үйреніп кетесіз. Содан кейін достарыңызбен мейрамханада отырғанда өзіңіздің осындай өнеріңізбен бәрін таң қалдырасыз. Ас болсын!
Cурет: kaksdelatpravilno.ru
Оқи отырыңыз:
Картоптың қабығын 5 секунд ішінде тазарту жолы
Дәрумен мен минералға бай тағамдар
Апельсинді аршудың жеңіл жолы (Видео)
Ж. Исакаев