Тауық етінен алма қосылып жасалған салат

Тауық етінен алма қосылып жасалған салат
Фото: Смаку.Нет

Тауық етінен алма қосылып жасалған салат.

Қажетті заттар:

1. Тауықтың төс еті – 300г

2. Алма – 150 г

3. Грек жаңғағы – 100г

4. Иісті желкен немесе балдыркөк тамыры – 0,5 дана

5. Сірке қышқылы – 2 ас қасық

6. Асханалық қыша – 1 шай қасық

7. Ұнтақталған қара бұрыш,тұз – қалауың бойынша

Дайындалуы:

Тауықтың төс етін пісіріп, терісі мен сүйектерін алып тастаймыз. Суығаннан кейін текшелеп тураймыз. Оны иісті желкен, алма және ірі ұнтақталған жаңғақпен араластырамыз. Салатты бірнеше бөлікке бөліп, қуырылған нанға салуға болады. Кейін, сірке суы, қыша, бұрыш пен тұз араласқан тұздықты араластырамыз.

Ә. Жутаева