Қарапайым тауық еті – күн сайын әлемдегі миллиондаған адамды ауруға шалдықтыратын тағам. Неге ол соншалықты қауіпті?
Тауық етін жақсы көрмейтін, жемейтін адам кем де кем шығар. Ол сондай дәмді әрі пайдалы, сол себептен әлемдегі ең көп пайдаланылатын ет түріне жатады. Одан үйде де, мейрамханада да түрлі дәмді тағам әзірлеуге болады.
Бірақ тауық етімен бірге сальмонеллез ішек құрты жүреді.
Тауық етін әр әзірлеген сайын басқа да тамақтардан улану қаупі арта түседі. Кесетін тақтай, ыдыс жуатын жер, ыдыстар – егер тауықта сальмонеллез болса, оны ештеңеге жақындатпаған дұрыс. Ондағы бактериялар әр су тамшысымен-ақ таралып жатады. Тауық етін жуғаннан кейін оны үстел үстіне, тәрелкеге, орамалға, сүркішке, басқа да кез келген жерге қоя салуыңыз мүмкін. Ол осылай бактериясын жан-жаққа шашып, тарата береді. Тауық тураған тақтайға көкөніс турасаңыз, оның барлығы улы боп саналады. Ең дұрысы тауық етін жумау керек. 65-70 градуста қызып тұрған пеште жақсы піскен тауық етінде бактерия қалмайды. Осылай ғана сальмонелладан құтылуға болады.