- Негізгі бет
- Аспаздық
- «Тәтті» мәлімет: торттың...
«Тәтті» мәлімет: торттың атынан затын таныңыз
Торт таңдауға дүкенге барғанда тым көп тортты көріп, қайсысын аларымызды білмей бас қатады. Бірінен бірі өтіп, көздің жауын алады, таңдайдың суын құртады. Кей торттардың сыртында атауы ғана жазылады, іші қандай екенін білмейміз. Сондай жағдайда қиындықсыз таңдау үшін мына торттардың құрамын біле жүріңіз.
«Гурман» торты
Шоколадты корж, екі қабатты грек жаңғағы қосылған карамельді крем, ортасында көпіртілген зефир.
«Қара ханзада» («Черный принц») торты
Шоколадты корж, құрамында какаосы бар жеңіл шоколадты мусс.
«Құс сүті» («Птичье молоко») торты
Ақ корж, ақуыз көпіртілген суфле, қойылтылған сүт.
«Құштарлық» («Наслаждение») торты
Шоколадты корж, крем-пломбир, құлпынай (не таңқурай) джемі.
«Жаңғақ қосылған балды торт» («Медовый с орехами»)
Нәзік балды корж, карамельді крем, үгітілген грек жаңғағы.
«Ертегі» («Сказка) торты
Мак қосылған корж, жаңғақты корж, шоколадты корж, мейізді корж. Арасына карамельді және шоколадты крем кезектестіріп жағылады.
Жалғасы бар
@. @assel_assanova